- Advertisement -

Индонезиялық туристер Түркістанға көптеп келмек

23

- Advertisement -

Индонезиялық туристер Түркістанға көптеп келмек

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат — Түркістан облысының киелі жерлеріне сапар шегетін индонезиялық туристер саны артуда. Бұл туралы Джакарта қаласында Түркістан облысы делегаттары мен Индонезия елінің туроператорлары арасында өткізілген кездесу барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индонезиялық мұсылман зияратшылар әсіресе, Түркістан өңірінде орналасқан Арыстан Баб және Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне, аңыз бойынша Мұхаммед Пайғамбардың сахабасы болған Үкәш атаның құдығы, құпиясы мен сыры мол «Ақ мешіт» үңгіріне қызығушылық танытады екен.

Жыл сайын Сауд Арабиясына Умра және Қажылық жасауға Индонезиядан миллиондаған мұсылман ағылып келеді. Умра ғибадатын орындағаннан кейін зияратшылардың басым бөлігі Орталық Азияның киелі орындарына сапар шегеді.

«Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы «Turkistan Invest» сыртқы байланыстар жөніндегі басқарушы директоры Баян Каюпованың айтуынша, келіссөздер сәтті болған.

«Орталық Азия елдеріне жасалатын турмаршруттарға Өзбекстандағы ежелгі Бұқара, Самарқанд қалалары, Иорданиядағы жартаста соғылған Петра қаласы және өзге де елдер енген. Ендігі кезекте баратын жердің географиясы кеңейеді. Оған Түркістан облысының киелі нысандары енеді деп жоспарлануда», — дейді ол.

Келіссөздер барысында индонезиялық тарап Алматы мен Джакарта қалалары арасында тікелей әуе байланысын ашуды ұсынды. Бүгінгі таңда Алматыдан Джакартаға Малайзия астанасы Куала-Лумпур арқылы ғана ұшып баруға болады.

Индонезиялық туристер Түркістанға көптеп келмек

Индонезия президентінің арнайы өкілі Адатия Пердона: «Джакарта-Алматы тікелей әуе рейсін ашу сіздердің өңірлеріңізге баратын туристердің, оның ішінде зияратшылардың санын арттыруға үлкен серпіліс береді. Бүгінде Индонезияда 270 млн жуық тұрғын өмір сүреді, оның 90 пайызын мұсылмандар құрайды. Менің ойымша, біздің зияратшылардың көбісі Түркістанға бару мүмкіндігін міндетті түрде пайдаланады», — деді.

Бұл кездесу Түркістан облысы делегациясының Малайзия және Индонезия мемлекеттеріне жасаған роуд-шоуы аясында өтті. Делегаттар қатарында: Түркістан облысының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы — «Turkistan Invest» компаниясы, Түркістан облысының туризм индустриясын дамыту ассоциациясы, «Turkistan Tourism Center» ақпараттық орталығы,  «Aray Deluxe Thermal Resort» шипажайы және де «Sky Way», «Туркестан Элит тур», «Экспедиция Юг» туристік операторлары болды. Іссапар Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

 

Дереккөз;kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support