- Advertisement -

Ана -өмірдің өзегі

160

- Advertisement -

Ардақты аналар!
Қадірлі әйел азаматшалар!

Сіздерді көктемнің көрікті мерекесі – әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен сымбаттылықтың жаршысындай мерейлі мереке 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен парасаттылықтың қайнары. Әйел заты аялауының бәрінде сүйіспеншіліктің, бақыт пен ізгіліктің жарқын ізі қалады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Кез келген мемлекеттің жеткен биігі, мәдениеті, оның әйелге деген көзқарасымен өлшенеді» деп, атап көрсетуі, әйел-азаматының бүгінгі қоғамдағы ерекше орнын білдіреді.
Қазіргі қазақстандық әйелдер қауымы сегіз қырлы, бір сырлы. Шаңырақ берекесімен қатар, әлеуметтік өмірдегі жұмыстың тізгінін тең ұстаған. Сөйте тұра, еңбекқорлығымен, жауаптылығымен және кәсібилігімен ерекшеленуде.
Еліміздің сән-салтанаты мен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр.
Қымбатты аналар, аяулы қарындастар!
Мерекелеріңізбен! Мерейлі мереке көңілдеріңізге шырайлы шұғыласы мен шуақты шапағатын шаша бергей!
Дендеріңізге саулық, босағаларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!

Асқар Мырзахметов,
облыс әкімі.
Бағлан Қарашолақов,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support