- Advertisement -

Ақша табам деп Норвегияға кеткен қазақ оңбай ұрынды

36

- Advertisement -

Норвегияда жұмыс істеймін деп басы бәлеге қалды.

Норвегияда жұмыс істейтін құрылысшылар керек деген хабарландыруды көзі шалған 45 жастағы Берік Айжанов (аты-жөні өзгертілген) бұл мүмкіндікке қуана жармасады. Айлығы – айына 2 мың евро дегенде тіпті мәз болған, деп жазады «Экспресс К«.

Әлгі компанияның кеңсесі Алматыда екен. Әлі де тұр. Қажетті құжаттардың бәрін жасату үшін Берікке 3 000 евро төлеуге тура келді. Жұмыс беруші Эстония елшілігі арқылы бір жылға шенген визасын жасатып, Литва астанасына дейін билет алып береді. Вильнюсте отандасымызды күтіп алған жұмыс берушінің өкілі оны Ослоға ұшатын ұшаққа отырғызған. Билетке 90 евроны Берік өз қалтасынан төлепті.

Ослоға 11 желтоқсанда келген қазақстандық Норвегия астанасына таяу жердегі Сорумсанд қаласында құрылысқа жұмысқа тұрды. Бір айдан астам уақыт жұмыс істесе де, уәде етілген айлығы төленбейді. Алматыда құжат жасап берген компания жағдайды реттейміз деген құрғақ уәдемен тойдырады. Жалақысын көрмегені аздай, ақыр соңы ол полиция учаскесіне түсіп қалып, заң бұзушылық үшін айыпталып, депортациялау туралы үкімге тап болды. Осло түрмесінде бірнеше күн отырған Берік одан соң әуежайдың транзиттік зонасына жөнелтіліп, екі тәуліктен кейін Алматыға қайта ұшып келді.

– Бізге кешкісін Норвегияның полициясы телефон шалып, жағдайды жеткізді. Біздің азамат өзге елге барғанда уақытша консулдық есепке тұрмаған. Олар заң бұзушыны кері қайтарып жібереді. Азамат Қазақстанға келіп алған соң біз оның Норвегия жақтағы ісі бойынша ешқандай құқықтық көмек көрсете алмаймыз, – деді еліміздің Норвегиядағы істері бойынша сенімді өкіл Ілияс Омаров.

Енді Берік Айжановтың Шенген аймағындағы елдерге кіруіне тыйым салынды. Талай ақшасы далаға кетті, Норвегиядан бір тиын таппай қайта оралды.

Дереккөзі;zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support