- Advertisement -

Түйткілді мәселелер шешімін табуда

49

- Advertisement -

«Nur Otan» партиясы Президенттің тапсырмасымен тұрғындарды толғандыратын мәселелерге сараптама жүргізген. Қай кезеңде де ел-жұрттың тұрмыс жағдайы қоғамдық сананы қалыптастыруға әсер ететіні – өмір заңдылығы. Сондықтан әлеуметтік мәселелер – дамыған мемлекеттерде де әрдайым алғашқы орында тұрады.
Әлемдегі қалыптасқан экономикалық ахуалдың салқыны біздің елімізді де сырт айналып өтпейтіні белгілі. Соның әсерінен нарықтағы жағдай құбылмалы. Міне, сондықтан дәл осындай кезеңде елдегі әлеуметтік мәселелер назардан тыс қалмауы керек. Бұны Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында да атап көрсеткен болатын. Президенттің партияның кезекті съезі қарсаңында да нұротандықтарға арнайы тапсырма беріп, халықтың жай-күйін зерделеуі алдағы уақытта осы бағытта ауқымды шаралар жүргізілетінін байқатса керек.
Сонымен сауалнамаға тартылған респонденттер өздерін балалар жәрдемақысын көтеру, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, баспанамен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту сынды басқа да мәселелер толғандыратынын айқын аңғартты. Соған қарай Жолдаудан туындаған міндеттермен қатар, Елбасы осы проблемалардың шешімін табу үшін партияға үш бағыттағы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды тапсырды.
Енді Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, көп балалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігі арттырылатын болады. Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй заемы беріліп, баспанамен қамтылмақ.
«Nur Otan» партиясының бастамалары көптеген өзекті мәселелерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік беріп келгені мәлім. Осы мақсатта аумақтық филиалдарда ашылған қабылдау бөлмелерінің нақты жұмысы арқылы қоғамдағы түйткілдер әрқашан шешімін тауып жатты. Осындай игі істердің ұйытқысы бола білген партия бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір Жолдауын, ұсынған Ұлт жоспарын, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларынан туындайтын міндеттерді орындау жолында үлкен жұмыс атқарып келеді. Еліміздің негізгі құндылықтары – мемлекет тәуелсіздігі, қоғамдық келісім мен ауызбіршілік, татулық десек, онда сол бейбітшілігіміз бен татулығымызды сақтап, нығайтуға атсалысып жүрген саяси ұйымдардың көшбасшысы – «Nur Otan» партиясы.
Алмас МҰХТАРОВ,
аудандық мемлекеттік архивтің директоры.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support