- Advertisement -

«АРиО» қауымдастығы құрылды

68

- Advertisement -

Осы аптада облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында «АРиО» – рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының тұсаукесер рәсімі өтті. Қонақжайлылық таныту, сондай-ақ көрсетілер қызметтер сапасын жақсарту және өңірге саяхатшылар келуі ағынын арттыру саласындағы кәсіпкерлік ісін үйлестіру жаңа құрылымның негізгі міндетіне де айналмақ. Қауымдастық мейрамхана және қонақ үй бизнесі саласындағы жеткізуші-компаниялармен, фирмалармен әріптестіктің көпсалалы жүйесін жүзеге асыратын болады. Осы кәсіппен айналысатын кәсіпкерлер арасында өзара іс-әрекет жасасу ғана емес, қызмет көрсету саласына әлемдік стандарттарды енгізу де «АРиО»-ның басымдыққа ие бағыттарының бірі.
Тұсаукесер рәсіміне көршілес Шымкент қаласынан келіп қатысқан меймандар бірден өзара тиімді әріптестікте жұмыс істеуді ұсынды. Бастапқы құрылуы кезеңінің өзінде мейрамхана және қонақ үй бизнесінің 17 өкілі қауымдастықтың мүшелігіне қабылданды. «Облысымыздың рестораторлары мен отельерлері кәсіпкерлерге тегін заңгерлік көмектер көрсетілуі, қызмет көрсету құрамдарының оқытылуымен, мамандықтары арттырылуымен қамтылуы мәселелері оңтайлы шешілуі үшін бір құрылым аясына бірігуде. Оларға қауымдастық тарапынан гранттар мен тендерлерге, айрықша маңызға ие өңірлік іс-шараларға, айтарлықтай жеңілдікпен шеберлік сыныптарына, PR-компанияларға қатысу мәселелерінде қолдау көрсетілетін болады», – деп мәлімдеді өз сөзінде «АРиО» қауымдастығының төрайымы Айгүл Ақшалова.
Алдағы уақытта қауымдастық жанынан мамандар дайындайтын «Аспаздар академиясы» мектебін, кулинарлық студия ашу ойластырылуда. Қысқасы, жаңа құрылым өзінің алдына ауқымды міндеттер қойып отыр. Оның біріншісі – жергілікті және шетелдік мейрамханалар мен қонақ үйлермен қарым-қатынас жасасу мүмкіндігін жүйелі жолға қою, сондай-ақ қауымдастық мүшелері-компаниялар брендтері республикалық және халықаралық деңгейде ұсынылу ісін алға бастыру, екіншісі – оларға түрлі деңгейдегі кулинарлық фестивальдер мен басқа да ауқымды шараларға қатысуларына мүмкіндік жасау.
Бүгінде қауымдастық қонақжайлылық таныту дәстүріміздің болашағына бейжай қарай алмайтын кәсіпкерлердің барлығын да бірлесе жұмыс істеуге шақыруда.
«Aq jol-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support