- Advertisement -

Қоғамдық келісім – тұрақтылық негізі

68

- Advertisement -

Егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдар еліміз үшін ең қиын кезеңдердің бірі болғанымен, мемлекетіміз бұл сынақтан сүрінбей өтті. Дамудың барлық мүмкіндіктерін қолданып, аз уақытта әлеуеті жоғары мемлекетке айналды. Бұл – біздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген ең үлкен жеңісіміз.

Рас, қазір әлемде қалыптасқан экономикалық ахуал өте күрделі. Ал оның салқыны біздің елімізге де сезілетіні анық. Міне, сондықтан Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында халық үшін өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруды тапсырды. Дамудың революциялық емес, эволюциялық жолын таңдаған мемлекет әрдайым қоғамдық келісімнің жай-күйін талдап, әлеуметтің әлеуетін саралап отыратыны белгілі. Сол себепті жүйелі жұмыстар жасампаз еңбек пен оның нақты нәтижесіне арналады. Ал қоғамдық сананы жаңғырту Президент атап өткендей, саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Кез келген қазақстандық жеке және дербес бағдарынан бөлек, бейбітшілік пен келісім мәдениетін сақтауы тиіс. Ал ол бүкілхалықтық бірлік пен қоғамдық келісімнің негізіне айналуы қажет. Бұның бәрі біз үшін адамгершілік талаптары және этика тұрғысындағы қоғамдық норма ғана. Қоғамдық келісімді нығайтудың негізіне айналған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы қоғамдағы үш мүмкіндікке негізделген. Олар: әлемде, елде және ғаламшарда не болып жатқанын түсіну, өзгеріске әзірлік және басқалардың тәжірибесін ескере отырып, солардан үйрену.
Қазіргі таңда Елбасы бағдарламаларының осы және өзге де бағыттары Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі аясында жүзеге асып жатқанын айта кету керек. Ең бастысы, еліміздің барлық аймақтағы тұрғындарын, оның ішінде ауылдық жерлерді қамтитын институттық механизмдері тиімді жұмыс істеп жатыр деуге әбден негіз бар.
Бүгінгі күні еліміздегі барлық әкімшілік-аумақтық деңгейде мыңдаған қоғамдық келісім кеңесі жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл құрылым көптеген мәселелердің өз шешімін табуына ықпал етіп келеді. Мәселен, Шу ауданы тұрғындары тарапынан өткен жылы қоғамдық келісім кеңесіне 10-нан аса өтініш түсіп, олар толықтай қанағаттандырылды. Бұдан бөлек, кеңес мүшелері тұрғындардың әлеуметтік жағдайына да барынша көңіл бөліп, қайырымдылық шараларынан да қалыс қалмауда. Атап айтар болсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық іс-шараларының күнтізбесіне сәйкес бірнеше шара ұйымдастырды. Соның бірі – «Сарқыт» қайырымдылық акциясы. Ал жақында аудандағы «Үміт үйі» қоғамдық бірлестігі мен аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері «Үйден – үйге» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Шарада 40-50 жағдайы төмен отбасыларға түрлі киім-кешектер таратылды. Сонымен қатар Бөлтірік ауылдық округіндегі Ә.Молдағұлова орта мектебінде «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында мектеп әкімшілігінде тіркеуде тұрған 10-нан аса аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға қыстық жылы киімдер үлестірілді.
Аталмыш кеңестің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары да ауқымды. Сәтін салса Елбасы Жолдауындағы алға қойған міндеттер мен жоспарларды жүйелі жүзеге асырып, межелеген мақсаттың қиындығына, кенет кездесетін кедергілерге қарамастан мақсатқа қол жеткізетінімізді толық сеніммен айта аламыз.

Бинали ТАГИРОВ,
«Ахысқа» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support