- Advertisement -

«Сізге жарасады»

68

- Advertisement -

Сарыкемерде Әлмахан Исабаев деген әнші, өнерпаз азамат тұрады. Сөзшеңдігі, тапқырлығы да бар. Бір жолы таңғы сағат 5-те Әлмаханның үйінің есігі қағылады. Келіп тұрған ақын Қасқырбай Нарбатыров екен.
– Әлмахан інім, айналайын. Бір жағдайларды ойлап, құлазып, үйімде жата алмадым. Дөңбекшіп жата алмай, айға қарап ұлығым келді. Сырласайын, ішімдегі сырды шығарайын деп саған келдім. Айып етпе, – дейді Қасекең. Сонда әзілі қалмайтын Әлмахан:
– Қасеке, Қасқыр аға, оныңыз дұрыс. Ұлу сіздің қолыңыздан келеді ғой, – деген екен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support