- Advertisement -

Жалпы ұлттық жоба жеткіншектерге не береді?

71

- Advertisement -

Үш жыл бұрын 1 наурыз – Алғыс айту күні болып бекітілген еді. Содан бері бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығының символына айналған. Өзара сыйластықтың қадірін арттырған мереке қазақ жерін мекен еткен түрлі ұлт пен ұлысты бір-біріне жақындастыра түсті.
Алғыс айту күніне орай әрі Елбасы идеялары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Білім және ғылым министрлігі бекіткен іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында биыл облыстық білім басқармасы «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын қолға алып отыр. Жас ұрпақты толеранттылыққа тәрбиелеу және әртүрлі ұлттың мәдени дәстүрлерін зерттеу арқылы балалардың бойында рухани адамгершілікті дамыту, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамытуды көздейтін жоба аясында көптеген акциялар ұйымдастырылмақшы. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысының орынбасары Талғат Жамалов айтып берді.
Мектеп оқушылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілеріне қолдау әрі қамқорлық көрсетуді мақсат тұтқан жоба шеңберінде аудандар мен Тараз қаласында түрлі мерекелік іс-шаралар, танымал адамдармен кездесу, жылжымалы көрмелер, байқаулар өткізу жоспарланып отыр.
Соның ішінде «Қазыналы керуен», «Дәстүр – халқымыздың рухани өзегі», «Қолөнер – тәрбие көзі», «Жүректен – жүрекке», «Халқыма ризамын», «Алғысым шексіз халқыма» шығармашылық фестивальдерінің жас ұрпаққа берер тағылымы мол болары сөзсіз. Ал «Ризамын!» қайырымдылық акциялары, арт-акциялары, «Бір Отан – бір отбасы» тақырыптық сағаттар, «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» әдеби марафоны, фотокөрмелер жас жеткіншектердің шығармашылық әлеуеттерін арттыруға ықпал етеді деген сенім мол.
Іс-шаралардың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар, жетекшілеріне Алғыс хаттар беріледі.
Жансая САБЫР.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support