- Advertisement -

Құрметпен «АУҒАН АҒА» ДЕП АТАП КЕТКЕН

54

- Advertisement -

Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын өтеген ержүрек жауынгер Мейірхан Талжігітов өзінің туған жері Тараз қаласына оралған соң, жаңадан құрылған Тараз шекара жасағына көлік жүргізушісі болып қызметке орналасып, қазіргі уақытқа дейін қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен және абыроймен атқарып келеді. Мейірханның Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне жұмысқа орналасуына ықпал еткен 2004 жылы 2035 әскери бөлімінің командирі болған, полковник Серік Үсенов еді.
Мейірхан аға өзінің міндеттерін орындау барысында қызметтік іссапарға көп шығады. Ол Халық Қаһарманы, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің батыры Қайрат Рысқұлбековпен жақын дос болған. Мойынқұмдық атақты желтоқсаншының балалық шағы туралы естеліктер айтады.
Әскери бөлімде Ауған соғысының қасіреті туралы да еске алып отыратын интернационалист-жауынгер әскери техникаларды жеткізумен айналысыпты. Дұшмандар осындай көліктерді бірінші кезекте жойып отырған екен. Ажал оғы Мейірханнан айналып өтіп, елге аман-есен оралыпты.
Тараз шекара жасағының барлық жеке құрамындағы жауынгерлер Мейірхан Талжігітовті «Ауған аға» деп атап кеткен.

Айнұр ЖАПБАРОВА,
2035 әскери бөлімінің тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері, аға лейтенант.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support