- Advertisement -

Кеден мен кірістер саласында тындырылған жұмыс көп

37

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдеріне облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің кеден бақылау, тәуекелдер және талдау басқармаларының басшылары Артық Мұңайтпасов пен Жанат Жұмаділова өздерінде 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер жөнінде айтып берді.
Артық Жарылқасынұлының айтуынша, есепті кезеңде облыс бойынша сыртқы сауда айналымы 1 миллиард 598 миллион 677 мың АҚШ долларын, тасымалданған жүктің жалпы салмағы 2 миллион 102 мың 824 тоннаны құраған. Оның ішінде экспорт көлемінің мұның алдындағы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 15,4, импорттың 2,0 пайызға ұлғайғаны байқалуда. Жалпы сыртқы сауда айналымының ауқымы 12,4 пайызға артқан.
Негізінен химия өнеркәсібі, металл, машина және құрылғылар, өнеркәсіптік тауарлар түріндегі экспорттық өнімдеріміздің 31,6 пайызы – Қытай, 10,8 пайызы – Канада, 9,2 пайызы – Украина, 7 пайызы – Чехия, 6,8 пайызы – Үндістан елдеріне жөнелтілген. Импорттық өнімдер бойынша Қытай – 23,1, Бразилия – 14,4, АҚШ – 13,6, Германия – 5,4, Өзбекстан 4,6 пайыздық үлеске ие болып отыр екен.
Атап өтерлік жайт, былтыр каучук пен пластмассаны қоса алғанда, химия өнеркәсібінің өндірісі саласына қатысты өнімдер жалпы экспорт көлемінің 87,2 пайызын құраған. Минералды өнімдер – 5,2, өнеркәсіптік тауарлар, тірі жануарлар, жануарлар мен өсімдік өнімдері, алкогольді және алкогольсіз сусындар, темекі және оны алмастырғыш заттар – 2,8, тоқыма өнімдері 2,5 көлемінде экспортқа шығарылыпты.
Импорттық шыны және одан жасалған өнімдер, құнды металдар және одан жасалған бұйымдар, бижутериялар және басқалар – 25,3, өнеркәсіптік тауарлар, тірі жануарлар, жануарлар мен өсімдік өнімдері, алкогольді және алкогольсіз сусындар, темекі және оны алмастырғыш заттар – 25,1, машиналар, қондырғылар, механизмдер, көлік құралдары, құралдар, приборлар мен аппараттар, олардың бөлшектері мен керек-жарақтары – 20,6, аяқ киімдер, бас киімдер мен галантерейлік өнімдер 13,4 пайыз көлемінде жеткізілген.
Баяндамашы декларациялау, кедендік ресімдеу мен тауарлардың жеткізілуін бақылау, кедендік тексерулер, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне де кеңінен тоқталды.
Бұдан кейін сөз алған Жанат Жатайқызы 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 108,1 пайызға асыра орындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл тұрғыдағы өсу қарқыны 105,4 пайызды құрап, қазына қоржынына 4,4 миллиард теңге артық түскен. Сондай-ақ экономикалық бақылау жұмыстарының нәтижесінде былтырғы жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 9 761,2 миллион теңге көлемінде қосымша қорлар қамтамасыз етіліпті. Камералдық бақылау нәтижесінде және қылмыстық істердің зиянының өтелуі бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде де мәліметтер келтірілді.
Басқосу соңында журналистер тарапынан қойылған сауалдарға да тиісінше жауаптары қайтарылды.

Баймаханбет АХМЕТ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support