- Advertisement -

«Ауыл-берекеде» діни ағымдағы кітаптар сатқан

60

- Advertisement -

Сот қаулысымен А.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі ӘҚБтК-нің) 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде қызметін бес күн мерзімге тоқтата тұрып, оған 84 175 (сексен төрт мың жүз жетпіс бес) теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.
24.07.2018 жылы азаматша А. Тараз қаласы Мәмбет батыр көшесінде орналасқан «Ауыл-Береке» сауда орталығында діни бағыттағы ақпараттық материалдарды сатқаны (кітаптар, брошюралар) анықталған. А-ның жасаған құқық бұзушылығы әкімшілік іс бойынша жасалған құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, құқық бұзушының түсініктемесімен, лауазымды тұлғаның баянатымен, Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің (қазіргі полиция департаменті) экстремизмге қарсы күрес басқармасының хатымен, куәнің арызымен, С. ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне тапсырған діни әдебиеттер мен брошюраларды бергені расталады және тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін жеткілікті дәлелдемелер жиынтығы болып табылады.
Сонымен қатар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 11.10.2011 жылғы №483-ІV Заңының 9-бабы 2-бөлігінде діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі делінген.
Cот А. іс-әрекетін лауазымды адам ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағында көзделген құқық бұзушылық бойынша дұрыс дәрежеленген деп санайды, яғни Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзып, Қазақстан Республикасының заңнамасында: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға жол берген. Сондықтан ол өз қолымен жасаған қателігі үшін жоғарыда айтылған мөлшерде айыппұл төледі.

Қамар ҮСЕМБАЕВА,
Тараз қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының судьясы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support