- Advertisement -

Шапағат ӘБДІР.

149

- Advertisement -

Сізді бүгін келе ме
деп қарайлап…

Жапырақтар жауып жатқан күзгі бақ,
Көңілімді бұзды бір мұң сызғылап.
Қарашада қайтқан құспен бірлесіп,
Меніменен қоштасқансыз сіз жылап…

Біз ұмыттық, ұмытпапты күз бірақ,
Келем алдан шығатындай сіз гүл ап…
Табытына айналыпты елестің,
Орындыққа ойып жазған біздің ат.

Ол атты мен көз жасымның тәнінен,
Ойып жазғам сағыныштың қанымен…
Сізді бүгін келе ме деп қарайлап,
Күттік ұзақ, Күз, Жапырақ, тағы мен…

Жолда жатқан баса көрме беті от боп,
Жапырақтар… жүрегім ғой өт ептеп…
Келіңізші, екеуіміз бұл елден,
Күзді бірге әкетейік жетектеп.
Мені күтіп
тұрсың ба әлі…

Суық көше орындықтар кір сіңген,
Келеді деп үнсіз күтіп тұрсың сен.
Сағатыңа көп қарайсың өкпелеп,
Сен бе әлде, жапырақ па күрсінген?

Жапырақ па, кімге естілді ал даусы?
Бұл бақтарға бұлбұл емес қарға әнші.
Бұл күндерде кешір, қалқам, дейді жел,
Ғұмыр-дағы, іңір-дағы алдамшы.

Ел көрінсе мен келгендей қуанып,
Сол бақша да кетсе-дағы жыл ауып.
Жылай-жылай кеткен сол бір суалып,
Жанарыңды жапырақпен суарып.
Мені күтіп жүрсің бе әлі, ғашығым?

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support