- Advertisement -

Көңілім күңіренді күздей неден?

81

- Advertisement -

Білмеймін, неге сені іздей берем,
Көңілім күңіренді күздей неден?!
Қалтыраған, қорғансыз үмітімді,
Алдарқатып әйтеуір үзбей келем.

Көтеремін амалсыз барлығын да,
Тастан ауыр секілді тағдырым да.
Сені маған қосуды жазды ма екен,
Тәңірім, талқыланбас жарлығында?!

Санамнан шығара алмай сені мүлде
Жырақтамай қойдың ғой көңілімнен.
«Бас тарт» дейсің, ал сенен бас тартқаным –
Бас тарту емес пе бұл өмірімнен?!
Жанарымнан жылжиды құлап ағын,
Кімге керек шарасыз мына халім?!
Өлердей боп өксіген жүрегімді
Өлеңіммен әлдилеп жұбатамын.

Бұл үшін жазғырайын текке кімді?
Кімнен көрем жара сап кеткеніңді?!
Өмір маған үйретті бәрін-бәрін,
Үйретпепті тек сені жек көруді.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support