- Advertisement -

Тасөткелде интернет игілігін көретін күн жақын

68

- Advertisement -

Аудан әкімдігі облыстық «Aq jol» газетінің Шу және Мойынқұм аудандарындағы тілшісі Е.Қартайғанның басылым бетінде 2019 жылдың 2 ақпан күнгі нөмірінде жарияланған «Байланыс аясынан тыс жердегі ауыл» атты сын мақаласына төменгідей жауап берді:
«Ауыл қариясы Р.Жолдасбаев Тасөткел ауылында байланыс пен интернет жоқ деген сөзі байланыс жүйесінің әлсіздігі деген мағына береді. Ауылда 15 абонент өз өтінішімен «Қазақтелеком» АҚ-ның интернет жүйесіне қосылған. Ауыл мектебіндегі компьютерде «Kundelik.kz» бағдарламасы кедергісіз жұмыс істеуде. Ауа райына байланысты қиындық туғызатын жайттар жоқ емес.
Мақалада көрсетілгендей, «Кcell», «Beeline» секілді ұялы байланыс желісінің ауылдың әр жерінде ғана ұстайтыны рас. Алайда ауыл әкімі Б.Жақсымбетов Тараз қаласындағы «Activ» байланыс орталығына барып, 2019 жылы 11 қаңтарда №11 қатынас хат жазған. Аталған байланыс орталығының басшысы М.Хамидов өз орнында болмағандықтан Мадина есімді қызметкерге мән-жайды түсіндірген. Нәтижесінде қатынас хатты осы оператордың Алматы қаласында орналасқан бас кеңсесіне жолдау керектігі мәлім болды.
Мадина ханымның айтуынша, байланыс мәселесін шешу үшін ауылға байланыс мұнарасын орнату керек. Бірақ ол жоспар бойынша 2020 жылы орнатылуы тиіс. Сол шаруаны тездету тек Алматыдағы «Кcell» басшысы Д.Жамбакиевтың құзырында екен.
Осы жайтты ескерген аудан әкімі Қ.Досаев Алматы қаласынан аталған байланыс операторларының арнайы маманын шақыртып, мәселенің өзектілігін түсіндірді. Қолына ауыл әкімінің қатынас хатын табыстап, ол хаттың техникалық бөлімнің қарауына берілгенін білді. Қазір тиісті шара қабылданады деп күтілуде.
Сонымен қатар ауыл әкімі 2018 жылдың 18 желтоқсанында №466 шығыс нөмірімен «ЖамбылТрансТелеком» басшылығына қатынас хат жазып, кабельді интернетті жақсартуды сұрады. Аталған ұйым басшылығы Тасөткел ауылына 2019 жылдың II тоқсанында кабельді интернет жүйесі жетеді, әрі үздіксіз қызмет етеді деп жауап берді.
Аудан әкімдігінің тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Е.Қожанбердиев берген мәлімет шындыққа сәйкес. Дегенмен оның әлсіздігінен байланыс жоқ деген пікір қалыптасқан.
Жоғарыда аталған мәселелер жыл соңына дейін шешімін табады. Тасөткел ауылының тұрғындары интернет игілігін көріп, туыстарымен тығыз байланыста болатын күн алыс емес. Тиісті шара қабылданған күні, қосымша хабарлайтын боламыз».

Шу ауданы әкімдігінің
баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support