- Advertisement -

Көмейге бір ғажайып ән келеді

59

- Advertisement -

Қара бұлт та қабағын түйді көптен,
Көңілім алабұртып күйді төккен.
Назы бар Алатаудың аруындай,
Тамшылар баяу жетіп сүйді беттен.

Бұл мезгіл таусылған шақ қыстың әлі,
Талықсып естіледі құстың әні.
Қаһары азайса да сес көрсетіп,
Қыс шіркін кете алмай ышқынады.

Бұл мезгіл айналаға әр береді,
Ойға да оралтады әлденені.
Көктемде жүректерде сезім бүрлеп,
Көмейге бір ғажайып ән келеді…

Әмина Алғақызы.

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support