- Advertisement -

Жемісі мол жеті белес

85

- Advertisement -

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Тараз қалалық мемлекеттік архиві мекемесінің мәжіліс залында сала ардагері, республикалық «Қарахан» журналының бас редакторы Сатыбалды Досымбековтің 70 жасқа толуына орай «Өнегелі өмір» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сөз сөйлеп, мерейтой иесін құттықтап, облыс әкімінің Құрмет грамотасын тапсырып, құрмет көрсетті.
Сатыбалды Досымбекұлы мұндай құрметке әбден лайық. Ол архивші ғана емес партия, кеңес, әкімдік қызметтерінде де абыройға бөленген. Қаратау қаласы әкімінің бірінші орынбасары, орталық саябақтың, Талас аудандық архивінің директоры бола жүріп, ауданның дамуына үлкен еңбек сіңірген. Кейінгі жылдары республикалық «Қарахан» журналының директор-бас редакторы ретінде танылды. Бұл басылымда мәдени-тарихи мақалалар мен зерттеулер көп жарық көруде. Жиын барысында мерейтой иесінің өмір жолына арналған деректі фильм көрсетілді.
Мұнан соң шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев құттықтау сөзімен жалғап, жүргізіп отырды. Сәкеңнің мәдениет, архивтер саласына сіңірген зор еңбегін атап өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық билер алқасының төрағасы Оңласын Есіркепов, жазушы-журналист Мақұлбек Рысдәулет, белгілі дәрігер-хирург Сағындық Ордабеков, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова сөз сөйлеп, жылы лебіздерін арнады. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» республикалық мекемесіне қарасты қорық-мұражайы директорының орынбасары Нұрлыбек Әбелдинов және Талас аудандық мемлекеттік архиві мекемесінің директоры Алмас Мұхтаров құттықтып, мерейтой иесіне ілтипат көрсетті.
Шара соңында Сатыбалды Досымбеков жиналған көпшілікке алғысын айтып, еңбегін бағалаған облыс әкіміне және жанашыр азаматтарға ризашылығын білдірді.

Е.Жаңабайұлы.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support