- Advertisement -

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТ ТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

170

- Advertisement -

2018 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» ат ты Жолдауларындағы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» ат ты халыққа үндеуінде көрсетілген міндет тер мен басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталды.

ӨНЕРКӘСІП

2018 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 396,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 102,6%-ды құрады (ҚР – 104,1%).

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 6,1%-ға (46 424,5 млн. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 3,2%-ға (280 876,1 млн. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 6,4%-ға (3 725,9 млн. теңге) өсуі байқалады.

Кен өндіру саласында табиғи газ өндірісі 1,5%-ға, ұсақталған фосфат шикізаты 7,3%-ға, әктас және гипс өндіру 3,9%-ға, түсті металл кендерін өндіру 21,0%-ға артқан.
Өңдеу өнеркәсібі саласында химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемдері 23,3%-ға, машина жасау 10,3%-ға, металлургия 17,7%-ға, жеңіл өнеркәсіп 59,8%-ға өскен.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда кәріз жүйесі қызметінің көлемі 6,4%-ға өскен.

ИНВЕСТИЦИЯ

2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 255,0 млрд. теңгені немесе 2017 жылмен салыстырғанда 108,4%-ды құрады.


Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдарының үлесі 22,2%, өзіндік қаражаттар – 71,1%, банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар – 6,7%-ды құрады.

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

2018 жылы жалпы сомасы 10,0 млрд. теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылып, онда 481 жұмыс орындары ашылды.
1.«Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС ТФ – «Маркісі 10:46 аммофос өндірісінің көлемін ұлғайту 2-ші кезең». Жобаның құны 7000 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы – жылына 500 мың тонна. Жоба бойынша жұмыс орындары бар штаттан құрылатын болады. 2018 жылдың 26 желтоқсанында іске қосылды.
2.«Ер Тай» ЖШС – «Өндірілетін қорғасын-мырыш кенін қайта өңдей отырып флотациялық-гравитациялық Ақсүйек байыту фабрикасын жаңғырту және қайта құру». Жобаның құны — 1200 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы – жылына 15,5 мың тонна қорғасын-мырыш концентраты. Жоба бойынша 300 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың 10 қыркүйегінде іске қосылды.
3.«Джанабекова С.С.» ЖК — «Кондитерлік фабриканың құрылысы» 2-кезеңі». Жобаның құны — 850 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы – жылына 4500 тонна. Жоба бойынша 70 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың 21 қыркүйегінде іске қосылды.
4. «Әулие -Ата Феникс» ЖШС – «Құс шаруашылығындағы қалдықтарды ет сүйек ұнына қайта өңдеу бойынша жаңа автоматтандырылған технологиялық желіні енгізу». Жобаның құны — 126,2 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы — 800 тонна. Жоба бойынша 5 жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың 22 тамызында іске қосылды.
5. «Са-Ба ЛТД» ЖШС – «Меркі шағын мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту». Жобаның құны — 662 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы 39102 тонна. Жоба бойынша 70 жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың 17 қыркүйегінде іске қосылды.
6. «Шакпак Дорсервис» ЖШС – «Битум зауытын қайта жаңғырту». Жобаның құны – 150 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы – 17550 тонна. Жоба бойынша 36 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. 2018 жылдың 10 желтоқсанында іске қосылды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау Картасына енгізіліп, іске қосылған инвестициялық жобалармен өндірілген өнім көлемі 22,7 млрд. теңгені құрады.

САУДА

Сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың қаңтар-қарашасында 357,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңінен 61,1%-ға төмендеген, оның ішінде экспорт – 172,7 млн. АҚШ доллары (72,9%-ға), импорт – 185,1 млн. АҚШ доллары (34,3%-ға). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 12,4 млн. АҚШ доллары.

Сыртқы сауда айналымы
357,8 млн. АҚШ доллары


2018 жылдың қаңтар-қарашасында облыстың ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 229,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 11,2%-ға артық (Ресей – 182,8 млн. АҚШ долл., Беларусь – 11,3 млн. АҚШ долл., Қырғызстан – 34,4 млн. АҚШ долл.), оның ішінде экспорт – 97,7 млн. АҚШ долларын (1,9 есе), алайда импорт 14,6%-ға төмендеп, 131,6 млн. АҚШ долларын құрады.
2018 жылы бөлшек сауда айналымының көлемі 279,3 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артты, көтерме сауда айналымы – 205,8 млрд. теңгені құрап, 10,1%-ға ұлғайды.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облыстың агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2018 жылы жалпы 20,1 млрд. теңге бөлініп, толық игерілді. 2017 жылмен салыстырғанда бұл салаға 4,4 млрд. теңгеге артық қаржы бөлінді (Республикалық бюджеттен – 2,2 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 2,2 млрд. теңге қарастырылған).
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2018 жылы облыс бойынша 264,8 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың деңгейінен 6,1%-ға артты (ҚР 3-ші орын).
Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемі 143,8 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға өсті (ҚР 3-ші орын).
Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 120,2 млрд.теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға өсті (ҚР — 4-ші орын).


2018 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алқаптар 668,5 мың гектарды құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 38,3 мың гектарға артық, немесе 106,1%.
2018 жылы дәнді дақылдардың гектарына орташа түсімділігі 24,1 центнерді құрап, 2,1 ц/га артты, барлығы 671,1 мың тонна өнім жиналды, (2017 жылы 258,0 мың гектар, жалпы түсім 577 мың тн. 22 ц/га) көкөніс және бақша дақылдарынан – 1 172,5 мың тонна өнім алынды.
Егістік алқаптарға сапалы элиталық тұқымды қолдануы 11,4%-ды құрады, бұл 2017 жылдан 4,4%-ға артық. Субсидиялаудың жаңа механизмін қолдану арқылы 2019 жылғы өніміне қолданылатын 1-ші репродукциядан төмен емес тұқым көлемін 37%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Үдемелі алма бақтардын алқаптары жылдан жылға артып келеді. 2018 жылы жалпы облыс бойынша 625 гектарды құрап, 200 гектарға артып отыр. Бұл бақтардан 6,5 мың тонна алма өнімі жиналды.
Есепті кезеңде 28,0 мың гектар алқапқа ылғал үнемдеу технологиясы енгізіліп 2017 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға артты (2017 ж. – 27,0 мың га), су үнемдеу технологиялары 18,2 мың гектарға енгізіліп, 21,3%-ға артып отыр (2017 ж. – 15,0 мың га). 2019 жылы бұл көрсеткішті 20,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
Минералды тыңайтқыштар 135,2 мың гектарға енгізіліп, жалпы егіс көлемінің 20,8%-ын құрап отыр, немесе 3,5%-ға артқаны байқалады (2017 ж. -17,3%). Облыс бойынша 4,2 млрд. теңгеге жаңа техникалар сатып алынып, жаңару көрсеткіші 5,6%-ды құрады, немесе 1,3%-ға артты (2017 ж. — 4,3%). (ҚР — 4,5%).
Бүгінгі күнге облыс бойынша жалпы аумағы 32 га алқапты құрайтын жылыжайлар орналастырылған, оның ішінде 2 га құрайтын 2 жылыжай 2018 жылы іске қосылған.
2018 жылы облыстағы барлық санаттағы шаруашылықтарда тірі салмақта 128 207,5 тонна ет өндіріліп, 2017 жылмен (121950,9 тонна) салыстырғанда 5,1%-ға артты (ҚР — 4,3%).
2018 жылы 312389,0 тонна сүт өндіріліп (2017 жылы – 303626,2 тонна), 2017 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсті (ҚР — 3,3%). 131 099,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2017 жылмен салыстырғанда (120 014,5 мың дана) 9,2%-ға артты. Шаруашылық субъектілерінде 5 656,2 тонна жүн өндірілді, бұл 2017 жылдан (5 434,9 тонна) 4,1%-ға артық.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылға белгіленген Жамбыл облысы бойынша 1,0 мың тонна сиыр еті жыл қорытындысымен – 101,4%-ға (1014,1 тн) (ҚР — 5-ші орын) және 1,5 мың тонна қой етін экспортқа шығару тапсырмасы – 110,6%-ға (1659,1 тн) орындалды. Бұл қой етін ет комбинаттарына өткізуді, бордақылау алаңдарының жұмысын оңтайландыру шараларының атқарылғанына байланысты мүмкін болды. 2017 жылмен салыстырғанда сиыр еті 8,9 есе, қой еті 5 есе артық экспортталды. Республика көлемінде 3800 тонна қой еті экспортталса, оның 43,6 пайызы Жамбыл облысына тиесілі. (ҚР — 1-ші орын)
2018 жылы мал шаруашығын қолдауға 5,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, 4500-ден аса шаруа қожалықтары субсидияланды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артық (4,8 млрд. теңге).
Облыс бойынша 2018 жылы жалпы ет, сүт бағытында 99 ауыл шаруашылығы кооперативтері жұмыс істеп, 2,9 мың тонна ет және 7,8 мың тонна сүт өндірді.
2019 жылдың 1 қаңтарына облыстың жер қоры 14,4 млн. гектарды құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 4,5 млн. гектар.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ішінде егістік жерлер көлемі 781,8 мың гектар (184 мың гектары суармалы), көп жылдық екпелер — 3,9 мың гектар, шабындық жерлер — 123, 5 мың гектар, жайылымдық жерлер — 3,5 млн. гектар.
2018 жылдың қыркүйек айында «Талас-Аса» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны базасында механикалық отряд құрылды. Оның материалдық-техникалық базасын қалыптастыру мақсатында облыстық бюджеттен 2018 жылға бөлінген 401,5 млн. теңгеге барлығы 46 бірлік (11 мелиоративтік-құрылыс және 35 ауыл шаруашылығы техникалары) техникалар сатып алынды.
Аталған су шаруашылығы кәсіпорны аудан алқаптарындағы су жүйелері мен каналдарды механикалық тазалау, су қоймалары мен гидротехникалық құрылыс нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша аудан және ауылдық округ әкімдіктерінен, облыстағы агроқұрылымдар мен шаруа қожалық субъектілерінен тапсырыстар қабылдап, жұмыстар жүргізуде.
2018 жылы мехотряд арқылы Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм аудандарындағы 10 су шаруашылығы нысандарына 3 су қоймалары және ұзындығы 26,8 шқ болатын 7 канал 14,2 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 1404 гектар суармалы жерлер қалпына келтіріліп, ол алқаптарға басым бағыттағы ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін болады.
«Талас-Аса» КМК кәсіпорнына 2019 жылы жалпы сомасы 234,1 млн. теңгеге ұзындығы 63,2 км 14 каналды тазалау, жөндеу және өзендердің жағалауларын нығайту жұмыстарын жүргізуге 6 ауданнан тапсырыстар түсті. Осы жұмыстар атқарылған жағдайда көлемі 8631 гектарды құрайтын суармалы алқап қалпына келтірілетін болады.

КӨЛІКСАЛАСЫ

2018 жылы облыс көліктерімен 987,4 млн. жолаушы тасымалданды, бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда 3,1%-ға өсті.
Осы кезеңде облыс көліктерімен 103,5 млн. тонна жүк тасымалданып, 2017 жылмен салыстырғанда оның көлемі 4,6%-ға көбейді.


«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы тұрғындар саны 100 адамнан асатын 355 елді мекеннің 331-і немесе 93,2%-ы қоғамдық көлік қатынасымен қамтылып, облысқа белгіленген көрсеткіш толығымен орындалды.
Көлік саласында GPS треккерлер құралдары бойынша жолаушылар тасымалын мониторингілеу жүйесімен 100% автобустар жабдықталған (670 автобус), бұл құрылған диспетчерлендіру орталығына қоғамдық көлікке жүктемені оңтайлы бөлуге мүмкіндік береді.
Жүйені енгізу, жолаушылар маршрутын бақылау үшін веб-сайтын – taraz-bus.kz іске қосуға мүмкіндік берді, сондай-ақ мобильді қосымша іске қосылды.
Қоғамдық көлікте автоинформаторларды орнату бойынша жұмыстар 42,5% құрайды (2018 жылға жоспарланған 200 автоинформатордың 85-і).
Сондай-ақ қоғамдық көліктерде электронды билеттеуді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

АВТОМОБИЛЬ
ЖОЛДАРЫ

2018 жылы автомобиль жолдары саласына 12,1 млрд.теңге бөлінді. (о.і. РБ — 1,8 млрд.теңге, ЖБ — 10,3 млрд.теңге ) .
Оның есебінен жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінде жалпы 18 шақырым жаңа жол құрылысы (шағалды), 26,4 шақырым күрделі жөндеу және 499,4 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 1 көпірдің құрылысы жүргізіліп, 2 жол өткелі қайта жаңғырту жұмыстарымен қамтылды.
Оның ішінде:
145,4 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар (26,4 шқ күрделі, 119 шқ орта жөндеулер);
211 шқ – аудандық маңызы бар автожолдар (орта жөндеулер);
187,4 шқ – елді мекен көшелері (18 шқ құрылыс, 169,4 шқ орта жөндеулер);
Жол жөндеу бойынша 7 жоба Қазақстан Республикасы «Нұрлы жол» мемлекеттік инфраструктуралық даму бағдарламасы аясында іске асырылды.
Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, облыстық маңызы бар автожолдарды ағымды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары аясында 81 650 м2 — шұңқырларды жөндеу, 925 дана — жаңа жол белгілерін орнату, 510 дана — шақырым көрсеткіш бағаналарын орнату, 148 дана — белгі беру бағаналарын орнату; 570 га — жол бойы ағаш алқаптарына өртке қарсы минералданған жолақтарды жырту және 1241 шақырым жол жамылғысына өстік таңба салу жұмыстары атқарылды.
Нәтижесінде, жыл қорытындысымен межеленген жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі 80,1%-ға орындалды.
Жол жөндеу жұмыстары

ҚҰРЫЛЫС

2018 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 125,6 млрд.теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 105,0%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі


2018 жылы 124 нысанның құрылысына 28,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.
Оның ішінде:
— тұрғын үй құрылысына — 7,8 млрд. теңге;
— инженерлік-инфрақұрылым құрылысына — 4,9 млрд. теңге;
— білім саласына — 4,4 млрд. теңге;
— денсаулық сақтау саласына — 803,5 млн. теңге;
— спорт саласына — 1,6 млрд. теңге;
— ауызсумен қамтамасыз ету саласына — 8,2 млрд. теңге;
— басқа салалар бойынша — 562,5 млн. теңге.
Нәтижесінде, облыс бойынша 13 жаңа көп қабатты тұрғын үй салынып, 9 үй қайта (Қаратау-6, Жаңатас-2, Шу-1) жаңартылды және 31 инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету нысандары жүргізіліп, 4654 жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды.
Сонымен қатар 8 мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 1 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салынып, 40 орындық кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына инженерлік желілер жүргізілді. Бюджет есебінен 9 денсаулық сақтау (1 ДА, 2 ФАП, 6 МП) нысандары, 5 спорт нысандары, 11 ауызсу нысандары және 5 басқа да нысандар (облыстық прокуратураның әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу, Меркі а. ҰҚКД ғимаратының құрылысы, Қордай ауылында оңалту орталығының ғимаратына қосымша құрылыс, Аса а. малдарға арналған ветеринарлық егу-емдеу жұмыстарына арналған арнайы алаң құрылысы, Шу ауданы Шокпар а. мәдениет ғимаратының құрылысы) құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2018 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 482,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 21,3%-ға өсті.
— «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облигациялық құнды қағаздар шығару арқылы жалпы 720 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй (59,3 мың шаршы метр) тапсырылды (3,2 млрд. теңге).
— Жеке инвестиция есебінен («Құрылыс ТЭД» ЖШС, «Бином» ЖШС, «Қаратау құрылыс» ЖШС, «Абылай Сана-2003» ЖШС, «ПИКО» ЖШС) арқылы 363 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді.
— «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджет есебінен 13 арендалық тұрғын үй немесе 953 пәтер пайдалануға берілді. (2,6 млрд. теңге, Таразда -4 үй, Қаратау – 6, Жаңатас – 2, Шу – 1, Жамбыл ауданының Аса ауылында-1).
2018 жылдың екінші жартыжылдығында облигациялық құнды қағаздар есебінен 720 пәтерлі 9 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын бастауға 751,0 млн. теңге бөлінді. Аталған тұрғын үйлер 2019 жылы пайдалануға тапсырылады.
Облыста «7-20-25» бағдарламасына қатысу ниетімен екінші деңгейлі банктерге 718 адам жүгінген. Олардың 115-і жалпы сомасы 959 млн. теңгеге өтініш беріп, 53 азамат пәтер алуға 458 млн. теңге несие алды.

ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН ТҰРҒЫН ҮЙ КӨЛЕМІ

2018 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 32,0 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 26,2%-ға артты. Оның ішінде, 23,2 млрд. теңге жеке құрылысшылар қаражаты есебінен жүргізілген болса, 8,5 млрд. теңге бюджет есебінен іске асырылған.
Сондай-ақ Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 5,2 млрд. теңге бөлініп (РБ — 3,5 млрд. теңге, ОБ – 1,7 млрд. теңге) 31 жоба іске асырылды. 4654 жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды.

СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ САЛАСЫ

Облыстағы 377 елді мекеннің 362-і бас жоспар және оңайлатылған сызба жобаларымен қамтылып, елді мекендер 99%-ға қала құрылысы құжаттарымен қамтылды. 15 елді мекеннің ішінен халқының саны 50 -ге жуық 8 елді мекеннің 4-ін аудан есебінен шығару және 4 елді мекенді жақын орналасқан елді мекенге қосу үшін, аудан әкімдіктері мен мәслихаттардың бірлескен шешімдері қабылданды. Қалған 7 елді мекеннің 2019 жылы оңайлатылған сызбасын әзірлеу жұмыстары жоспарланды.
2018 жылы облыс орталығы Тараз қаласының аумағын дамыту мақсатында, Тараз қаласының орталық аумағының жоспарлау жобасына түзету енгізу (жалпы көлемі 107 га), 15 шағын ауданның (жалпы көлемі 40 га), «Тектұрмас тарихи-мемориалдық этномәдени кешенінің» егжей-тегжейлі жобасына өзгеріс енгізу (жалпы көлемі 120 га) және 28 саяжай, «Арай» тұрғын алқабының егжей-тегжейлі жобасын әзірлеуге жобалау жұмыстары жүргізілді.
2019 жылғы Тараз қаласының Астана және Москва шағын аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын жасақтау жоспарға енгізілді.

ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР
ЭНЕРГЕТИКАСЫ

2018 жылы облыстың отын-энергетика кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және бюджеттік нысандарын дайындауға 3,3 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлінді.
2018-2019 жылдардағы жылыту маусымына 434 қазандық, 340,0 шақырым жылу желілері, 57,95 шақырым су бұру мен сумен қамту құбырлары, 1497 көппәтерлі тұрғын үйлер, 794 білім нысандары, 406 денсаулық сақтау және 553 әлеуметтік-мәдени сала нысандары даярланды.
2018 жылы Тараз қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 1,7 млрд. теңге сомасына жұмыстар атқарылып, 3,1 шқ магистралды желілері ауыстырылды.
Облыстағы бюджеттік мекемелер жылыту маусымына отынмен толық қамтылған. Тұрғындарға 332,9 мың тонна тас көмір жеткізілді.
2018 жылы «ЖЭС» ЖШС-ның жабдықтарын жөндеуге 212,0 млн. теңгеге 1586,07 км электр желілері күрделі, 7969,71 км электр желілері ағымдағы жөндеуден өтті.
Жаңартылған энергия көздері саласында Жамбыл облысында 2020 жылға дейін шамамен 100,0 млрд. теңгеден асатын жалпы қуаттылығы ~ 387,88 МВт құрайтын 5 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда.
Бүгінгі таңда қолданыстағы 10 жаңартылған энергия көздері нысандарының жалпы қуаты 168,7 МВт-ты құрап отыр.

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Облыста 4 қалада 1624 көппәтерлі тұрғын үй бар.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде жалпы 4,5 млрд. теңгеге 280 үй жөндеуден өтті, оның ішінде:
— Республикалық бюджеттен бөлінген 2,5 млрд. теңгеге 172 үй ;
— Қайтарым қаражат есебінен 1,7 млрд. теңгеге 93 үй ;
— Жергілікті бюджет есебінен Тараз қаласында 320,0 млн.теңгеге 15 үй жөнделді.
Бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін 330 үй бар немесе 20,3%.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында коммуналдық қызметтер көрсету саласының ашықтығын, коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізділігін және жиналған қаражаттың жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.
Тесттік режимде E-SHANYRAQ Бірыңғай зияткерлік ақпараттық жүйесі іске қосылды. 150 көппәтерлі тұрғын үй қосылды, жүйеде техникалық паспорттар 97,4% (888 көппәтерлі тұрғын үй 864) толтырылды.

ГАЗБЕН
ЖАБДЫҚТАУ

Облыстағы 377 елді мекеннің 48%-ы газдандырылған (181 елді мекен).
2018-2027 жылдары 196 елді мекенді газдандыру жоспарлануда (377 е.м немесе 100 пайыз).
2017 жылы облыстық бюджеттен 525 млн. теңге бөлініп, 11 ЖСҚ дайындалды. Оның ішінде алты ауданның 84 елді мекенін газдандыру, Тараз қаласы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АГРС-1 мен АГРС-2-ні қаланың сыртына шығару қарастырылған.
Бұл жобалар құрылыс жұмысымен іске асқан кезде облыстағы газдандырылған елді мекен саны 265-ті құрап, 70% деңгейіне көтеріледі.
Газдандырылған елді мекен ішіндегі орталықтандырылған газ торабына қосылмаған халық саны 88 мың адам. Оның 53 мың адамы бар үйлерді есепті жыл соңына дейін газ торабына қосу жоспарланған. Есепті кезеңде аудан әкімдері төмен бағамен, 82 756 теңгеге газ кіргізу жұмысын (Жамбыл-жылу, Теміржол-жылу, жеке мердігерлер) атқарды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жоспар 98,1%-ға орындалды (52 065 адамы бар үйлер). Қалған 35 мың адам Тараз қаласына кейін қосылған (саяжай) елді мекендерде тұратын халық.

АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Облыстағы 4 қалада 2019 жылдың 1 қаңтарында орталықтандырылған сумен қамтылғаны 88,0 %-ды құрады:
— Тараз қаласы – 356 461 адамның 89,4% қамтылған;
— Қаратау қаласы — 29 781 адам 100% қамтылған;
— Жаңатас қаласы — 22 068 адам 100% қамтылған;
— Шу қаласы — 36 115 адамның 57,2,0% қамтылған.
2018 жылы аудандардағы 19 нысанның құрылысы (8 нысан 2017 ж. өтпелі) және 13 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуіне бюджеттен 8,6 млрд.теңге бөлінді. (17 нысанның құрылысына РБ-тен 7,5 млрд.теңге, 2 нысанның құрылысына және 13 жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,1 млрд.теңге бөлінді).
2018 жылы 10 елді мекен ауызсумен қамтылды.
Олар: Жамбыл ауданы – Пригородное а., Тоғызтарау а. Қордай ауданы — Аухатты а., Талас ауданы — Қызыләуіт а., Байзақ ауданы — Кеңес, Абай, Мырзатай, Тегістік ауылдары. Т.Рысқұлов ауданы- Луговое а., Шу ауданы — Қонаев а.
Орталықтандырылған сумен қамтылған ауылдық елді мекендер тарифтерінің жоғары болуына және су жүйесіне қосылуға қаржы жетіспеушілігіне байланысты 50,0 мың адам су жүйесіне қосылмаған болса, бүгінде олардың 7150-і орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды.
Жыл ішінде қызмет көрсетуші мекемелердің 1 м3 ауызсуға 50 теңгеден жоғары бекітілген тарифтеріне бюджеттен субсидия алу бойынша жұмыстар жүргізді.
Тарифтерді тиімді ету мақсатында облыста «Тараз су» МКК негізінде Бірыңғай оператор құру туралы шешім қабылданған. Нәтижесінде ауылдық елді мекендерді сумен қамту саласына халықаралық қаржы ұйымдарынан инвестиция тартуға қол жеткізіледі.
2019 жылға республикалық бюджеттен Тараз қаласының сумен қамту саласы бойынша 2 жобаға 650,0 млн.теңге, ауылдық елді мекендерді сумен қамтуға 10 жобаға 3,4 млрд.теңге (6 жоба өтпелі – 1542,2 млн.теңге, 4 жаңа жоба – 1898,0 млн.теңге) бөлінді. Осы жобаларға облыстық бюджеттен қосымша қаржыландыруға 10% көлемінде қаражат қарастырылды.


2018 жылы коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетіліп, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Оның ішінде:
Тұрғындар үшін тауарлық газ бағасы 6,3%-ға төмендеп нәтижесінде 1 м3 үшін 27,7 теңгеден 25,5 теңгені құрады.
Жылу энергиясы 11,4 %-ға төмендеп, есептеу аспаптары барларға 1 Гкал үшін 1 897 теңгеден 1 681 теңгені құрады. Есептеу құралдары жоқтарға 4410 теңгеден 3845 теңгеге төмендетілді.
Сумен жабдықтау саласында тұрғындар үшін 22,9%-ға төмендетіліп, нәтижесінде 1 м3 үшін 58,5 теңгеден 45,1 теңгеге төмендетілді.
Электр энергиясының тарифі 7,2 %-ға немесе 14,95 теңгеден 13,87 теңгеге төмендету күтілуде.

ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ

Жамбыл облысының мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 4427,0 мың га, оның орманды жерлері — 2319 мың га.
2018 жылға жергілікті бюджеттен ормандарды қорғау, қорын молайту және жаңадан орман өсіру шараларына 360,2 млн. теңге қаржы бөлінді, оның ішінде: мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базаларын жақсарту мақсатында – 235,0 млн. теңге, мемлекеттік орман қоры аумағында өртке қарсы профилактикалық іс — шараларды жүргізуге – 57,3 млн. теңге.
Ормандарды қалпына келтіру және жаңадан орман өсіру шараларын іске асыруға 67,9 млн. теңге қаржыға ерте көктемде орман қоры аумағына сексеуіл және тағы басқа орман көшеттері арқылы — 1800 га және күзде 3500 га көлемде сексеуіл алқаптары тұқымдары себілді.
Жануарлар дүниесін қорғауға, өсімін молайтуға 7,4 млн. теңге бөлінді.
Облыс әкімінің бастамасымен Жамбыл облысының биологиялық және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен құстарды сақтау және дамыту туралы декларация қабылданды. Аталған декларацияны облыстағы 5000-ға жуық тұрғындар, кәсіпкерлер, депутаттар және мемлекеттік қызметкерлер қолдады.
Суармалы аймақты ұлғайту мақсатында жаңа су қоймаларын салу және ескі су қоймаларын қалпына келтіру мүмкіндігін анықтау жұмыстары басталды. Осы жұмыстарға 15,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 10,0 млн.теңгеге топографиялық, геодезиялық және геологиялық зерттеулер жүргізілді, және 5 жаңа су қоймасы техникалық байқаудан өткізілді («Андас-1», «Андас-2», «Андас-3», Меркі ауданындағы «Тескентоған» және Қордай ауданындағы «Тарлыған»). Жамбыл ауданындағы БАМ және Жуалы ауданындағы Қайрат, Жарбұлақ, Шетбұлақ және Береке: жалпы 5 су қоймаларына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 5 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді.
Сонымен қатар «Жамбыл су қоймалары» КММ-нің күшімен 10 су қоймаларын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

КӘСІПКЕРЛІК

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 321,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 105,6% құрады, жұмыспен қамтылғандар саны – 118,0 мың адам (100,8%).

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен
өнім шығарылымы, млрд. теңге


2018 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 63,3 мың бірлікті құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 107,8%-ға артқан.
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің төртінші бастамасы — «Шағын несие беруді көбейту» бойынша «Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» 2-ші бағыты шеңберінде 2018 жылы жаппай кәсіпкерлікті дамытудың — қалаларда және моноқалаларда (Тараз, Жаңатас және Қаратау) шағын несиелендіру және несиені кепілдендіру үшін 1,3 млрд. теңге (оның ішінде шағын несиелендіруге 1 232,8 млн.теңге және несиені кепілдендіруге 88,3 млн.теңге) бөлінді.
Бөлінген қаржы аясында 2018 жылы 495,1 млн.теңге 46 жобаға берілсе, 21,4 млн.теңгеге 24 жобаның несиелері кепілдендірілді (Тараз қ. – 13,8 млн.теңгеге 21 жоба, Қаратау қ. – 6,4 млн.теңгеге 2 жоба, Жаңатас қ. — 1,2 млн. теңгеге 1 жоба).
2018 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының «Пайыздық ставкаларды субсидиялау» тетігі бойынша 2,1 млрд. теңгеге 53 жоба, «Банк несиелері бойынша кепілдеме беру» тетігі бойынша 601,5 млн. теңгеге 58 жоба, «Өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту» тетігі бойынша 492,4 млн. теңгеге 4 жоба және гранттық қаржыландыру құралы бойынша 20,0 млн. теңгені құрайтын 7 жоба мақұлданып іске асырылуда.
Бағдарламаның төртінші бағытының шеңберінде 2287 кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсетілді.
«Бизнес кеңесші» бойынша 1096 тыңдарман оқытылды.
«Іскерлік байланыс» компоненті бойынша 38 шағын және орта бизнес субъектілері өтініш білдіріп, оның ішінде 10 кәсіпкер Қазақстан-Британ университетінің базасында оқытылып, сертификаттарын алды.
Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындарда 15 мыңнан астам жұмыс орындары сақталып, 5000-нан аса жұмыс орындары ашылды.

БЮДЖЕТ

2018 жылы облыс бюджетіне кірістер бойынша 247,0 млрд. теңге жоспар 251,2 млрд.теңгеге немесе 101,7%-ға орындалды, өзіндік кірістер 58,3 млрд. теңгеге немесе 107,8%-ды құрады.
Облыс бюджетінің шығыстары 100%-ға орындалып, 262,7 млрд.теңгені құрады, оның ішінде облыс бюджеті қаражаттарының 41,0%-ы (107,8 млрд.теңге) білім беруге, 3,0%-ы (7,9 млрд.теңге) денсаулық сақтауға, 5,0%-ы (13,2 млрд.теңге) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға, 5,6%-ы (14,6 млрд.теңге) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiкке бағытталған.


2018 жылы мемлекеттік бюджетке 85,8 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспар 108,1%-ға қамтамасыз етілді, түсімдер 2017 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға өскен, оның ішінде республикалық бюджетке – 27,5 млрд.теңге, жергілікті бюджетке 58,3 млрд. теңге сомасында түсімдер түскен.


2018 жылы ауылдық округ бюджеттері кірістер бойынша 12,7 млрд.теңгеге немесе 102,6%-ға орындалды, оның ішінде меншікті кірістері 2,4 млрд.теңгеге немесе 115,9%-ға орындалып, бюджетке 327,0 млн.теңге артық түскен.
Ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары 12,3 млрд.теңгеге немесе 99,9%-ға орындалған.

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

Жекешелендірудің Кешенді жоспарына сәйкес Жамбыл облысында 37 ұйым бәсекелестік ортаға беруге жатады. Бүгінгі таңда 29 ұйым бәсекелестік ортаға берілді, оның ішінде 14-і сенімгерлік басқаруға берілді, 15-і 2,0 млрд.теңгеге сатылды.
Сонымен қатар 6 ұйым таратылды, тарату сатысымен қайта ұйымдастыру кезеңіндегілері – 2.

ИНФЛЯЦИЯ

2018 жылдың желтоқсан айында инфляция деңгейі 2017 жылдың желтоқсанына 105,2%-ды құрады (ҚР – 105,3%). Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 5,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 6,6 %-ға, ақылы қызметтер – 3,8%-ға көтерілді.
Жамбыл облысы бойынша инфляция деңгейі, %


Облыста тауарларға және қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2018 жылы тұрақтандыру қорына 4295,0 тонна тауар сатып алынып, 1885 тонна өнім өткерілді.
2018 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен 169 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, онда 702,6 млн. теңгеге өнім сатылды.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

2018 жылы 74,5 мың адамға 2,6 млрд. теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі, 6,5 мың отбасына 290,2 млн.теңгенің тұрғын үй көмегі, өмірдің қиын жағдайында қалған 11,5 мың азаматқа 358,4 млн.теңгенің материалдық көмегі, 1,5 мың мүгедек баланы үйде оқытуға 66,2 млн. теңгенің көмегі, ауылды жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуына 27,0 мың адамға 245,5 млн. теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді.
Көмек тағайындалған отбасыларынан 5869 жұмыс жасындағы азаматтар әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерімен қамтылып, оның 2816 адамы тұрақты жұмыс орындарына, 1674 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 72 адам жастар практикасына, 902 адам кәсіби оқуға, 401 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарынан (шартты ақшалай көмек) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандарының үлес салмағы 22,1% (14669 адам) құрады, жоспар — 20,8%.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

2018 жылдың 3-тоқсанында 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалдамалы жұмыс істейтін халықтың саны 29,1 мың адамға артып, 326,1 мың адамды құрады. Осы аралықта нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 44,9 мың адамнан 10 мың адамға дейін төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.
«Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде қаралған 12,4 млрд. теңге толық игеріліп, 2018 жылы Бағдарламаға 39386 адам қатысты. Бағдарлама аясында 31220 адам жұмысқа орналасса, оның ішінде 68,9%-ы (21496 адам) — тұрақты жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» кәсіптік даярлауға 770 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 4212 адам жолданды.
Бағдарламаның 2-ші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 1904 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, 1745 адам оқуын аяқтады, шағын несиеге 6,3 млрд.теңге қаралып, 1061 адам несие алды, несие алушыларда қосымша 612 жұмыс орны ашылды, 30 адамға 7,2 млн.теңгенің гранты берілді.
Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты 3-ші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 1459 адам әлеуметтік жұмыстарға жолданып, жұмыстарын аяқтаған 1255-і тұрақты жұмыстармен қамтылды. Жастар практикасына 2686 түлек жолданып, жұмысын аяқтаған 2261-нің 1591-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Сол сияқты, ақылы қоғамдық жұмысқа 5579 адам тартылды. Барлығы 16 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып, 854 жұмыс орындары құрылды.
Солтүстік өңірлерге Жамбыл облысынан 2018 жылы барлығы 198 отбасынан 739 адам қоныс аударды.

ХАЛЫҚТЫ РЕСМИ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛІ
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘНЕ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒ
А ЖӘРДЕМДЕСУ

2018 жылы мәртебесі анықталмаған 208267 адамның 68,0%-ның мәліметтері өзектендірілді (141 671). Оның ішінде 50478 жалдамалы қызметкерлерге жұмыс берушілер міндетті зейнетақы төлемдерін төлей бастаса, 959 адам кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.
Сонымен қатар үй-үйді аралау барысында жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды «Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен тарту жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға мұқтаж 11675 адамның ішінен 8983 адам (76,9%) бағдарламаға тартылды.

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫ

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 2018 жылдың 3-тоқсанында 62220 теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға, нақты – 4,6%-ға өсті.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2018 жылдың 4-тоқсанына 114705 теңгені құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен номиналды 7,2%-ға, нақты – 1,9%-ға артты.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері 2018 жылы 24237 теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 13,7%-ға өсті.

БІЛІМ БЕРУ

Білім беру жүйесіне 2018 жылы 107,8 млрд. теңге бөлінді (2017 жылы- 98,4 млрд. теңге).
Осының нәтижесінде облыстың білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы артып, білім деңгейінің өсуіне қол жеткізілді.
Мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейтуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі күні 532 (381-балабақша, 151-шағын орталық) мектепке дейінгі білім мекемелерінде 54582 бала тәрбиеленуде (2017 жылы 477 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 51746 бала тәрбиеленді).
2018 жылы 66 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылып, облыста оқу және тәрбиемен қамтылған 1-6 жас аралығындағы балалар үлесі 68%-дан 84%-ға (респ. – 77, 1%), 3-6 жас аралығында 90,2%-дан 98 %- ға өсті (респ. – 95,2%).


2018 жылы жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 60 бірлікке өсіп, 156-ға жетті (152 балабақша, 4 шағын орталық). Онда 14334 (29,3%) бала тәрбиеленуде (2017 жылы — 96 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында- 10195 бала).
Облыс оқушылары республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 7 жыл қатарынан, республикалық ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша 6 жыл қатарынан І-ші орындарды иеленді.
Облыс бойынша халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 257 оқушының 143-і (55,6%) жеңімпаз атанды (22 алтын, 35 күміс, 86 қола).
Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты республикалық олимпиадаларда 10 жыл қатарынан «Үздік олимпиада мектебі» атағын иеленді.


Облыс бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 89,4-ті құрады. 2017 жылмен салыстырғанда 11,5-ке жоғары (2017 жыл – 77,9 балл).
Жаңартылған білім беру мазмұнына облыстың барлық мектептерінің (446 мектеп) 1-3 және 5-8 сыныптары көшті. 2019 жылы – 4, 9, 10 сынып, 2020 жылы – 11 сынып оқушылары көшеді.
2018 жылы 5434 педагог жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу курстарынан өтті (жалпы 2016-2018 жылдары 15840 мұғалім оқытылды).
Республикалық, халықаралық деңгейде өткізілген байқауларда 1229 педагог жеңімпаз атанды (2017 жылы- 508 мұғалім).
Республикалық байқаудан 4 педагог «Үздік педагог» атағын иеленіп, олардың әрқайсысына 2,4 млн. теңге көлемінде сыйақы берілді (2017 жылы – 4 педагог).
2018 жылы облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға «Білім-Инновация» мектеп-интернаты «Үздік мектеп» байқауының жеңіпазы атанып, 22 млн. 627 мың теңге көлемінде облыс әкімінің грантын иеленді.
Облыс мектептеріне үш тілде білім беру кезең-кезеңімен енгізілуде. 2018-2019 оқу жылында 277 мектепте физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады (2017-2018 оқу жылында — 45 мектеп). Оларға барлығы 755 мұғалім сабақ береді.
Облыстың 40 мектебінде «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесі таратылуда (2017 жылы- 7 мектеп).
Үш тілде оқытуға көшу бойынша жаратылыстану пәндерінен сабақ беретін 1056 мұғалім кәсіби даярлық курсынан өтті (А1 деңгейі – 212, А2 деңгей – 52, В1 деңгей –126, В2 деңгей – 666).


Облыс бойынша 76 мектептен тыс мекемелерде (60 мемлекеттік, 6 мемлекеттік емес мектептен тыс мекемелер мен 10 қала сыртындағы сауықтыру лагерлері) 60067 (27,0%) оқушы қосымша білім берумен қамтылған. Жалпы облыс бойынша 2018 жылы қосымша білім берудің барлық түрімен қамтылған оқушылар үлесі — 92,3%-ды құрап отыр (2017ж. – 47172 оқушы немесе 22%).
2018 жылы оқушыларға ІТ саласы бойынша терең білім беру мақсатында облыс орталығында 300 орындық мамандандырылған IT лицей-интернат, 14 IT-сыныбы ашылды. Робототехника кабинетінің саны 7%-дан 34%-ға жетті (152 мектеп).
Жоғары жылдамдықтағы Интернетпен қамтамасыз ету 71%-дан 94,8 %-ға жетті.WI-FI желісімен қамту 31%-дан 96%-ға көтерілді.
Электрондық журналдармен күнделіктер қолданатын мектептердің үлесі 100%-ға жетті (2017 ж.- 33%).
Оқу кабинеттерін компьютермен жабдықтау 21%-дан 65,6%-ға өсті (мұғалімдер компьютері — 7158 дана, оқушылар компьютері — 24257 дана).


Балабақшаға кезекке қою және жолдама беру, 1-сыныпқа қабылдау 100% автоматтандырылды. Барлық мектептерге қызметкерлер мен педагогтерді жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді.
Колледждерге электронды оқыту жүйесі 100%-ға енгізілді, 5 колледжге «Қауіпсіз колледж» жобасы енді, 5 колледжде электронды қызмет көрсету орталықтары ашылды.
2018 жылы білім нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуына 1,9 млрд. теңге бөлінді (жаңа модификациялы кабинеттер, компьютерлер, мектеп және балабақша жиһаздары, асхана жабдықтары және т.б.).
Білім нысандарының құрылысына 2018 жылы 5 млрд. теңге бөлініп,
14 білім нысанының (14 мектеп) құрылысы жүргізілді, жаңа оқу жылында 9 нысан пайдалануға берілді (9 мектеп) (2017 жылы- 6,3 млрд. теңге бөлініп, 20 білім нысанының құрылысы жүргізіліп, 5 мектеп, 3 мектепке қосымша ғимарат, 1 мектептің ғимаратын қайта жаңғырту, 1 колледжге қосымша ғимарат, 1 кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығы, пайдалануға берілген болатын).
2018 жылы 15 білім нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 2,3 млрд.теңге бөлінді (2017 жылы 20 білім нысанын күрделі жөндеуге 2,7 млрд.теңге,135 білім нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге 425,5 млн. теңге бөлінген).


2018-2019 оқу жылында 48 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді. 33 колледжге 62 мамандық бойынша 5024 орынға мемлекеттік білім тапсырысы бөлінді (2017-2018 оқу жылында 4993, яғни 31 орынға артық). Оның 3324-і (66,1%) жұмысшы мамандықтары. «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім беру» бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 9 колледжге 11 мамандық бойынша 770 орын бөлінді.
2018-2019 оқу жылында 35 колледжде 38 мамандық бойынша (2017-2018 оқу жылында 33 колледжге 35 мамандық) оқытудың дуальды жүйесі енгізілді, оған 3428 студент қамтылды. 193 әлеуметтік серіктестермен 3428 келісім шарттар жасалды.
Облыста 2 колледжді базалық алаң ретінде қайта жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, оған 426,5 млн.теңге қаржы бөлінді (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Құлан ауыл шаруашылығы колледжі).
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі 8 құзыреттілік бойынша (химия, энергетика, құрылыс, механатроника, машина жасау бағыттары) құзыреттілік орталығы, Құлан ауыл шаруашылығы колледжінде жаңғырту үшін заманауи үлгідегі қондырғылар орнатылып, жылыжай, мал дәрігерлік клиникасы ашылды.


СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ЖАТАҚХАНАДАҒЫ
ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ

Облыстағы 3 жоғары оқу орнының екеуінде жалпы сыйымдылығы 1264 орынға арналған жатақханалары бар (ТарМУ — 804, ТарМПУ — 460). 1637 студентке жатақхана керек (ТарМУ — 657, ТарМПУ — 780, ТИГУ — 200).
1. Тараз мемлекеттік университетінің 1,5 гектар жеріне құны
1,3 млрд. теңгеге 500 орындық жатақхана соғу бойынша жұмыстар жүргізуде, бүгінде инвестор анықталған.
2. Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті 0,7 гектар жерде
1,1 млрд.теңгеге 400 орындық жатақхана құрылысын бастауды жоспарлап отыр.
3. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Тараз қаласынан бұрынғы қонақ үйін сатып алу арқылы жатақхана мәселесін шешіп отыр. Бүгінде күрделі жөндеу жүмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар облыстағы 3 колледжге 750 орындық жатақхана салу қажет.
Оның ішінде:
1. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі (жатақханаға қажеттілік – 300 орын).
2. Жамбыл медицина колледжі (жатақханаға қажеттілік — 350 орын).
3. №9 Меркі колледжі (жатақханаға қажеттілік — 100 орын).
Жатақхана құрылысына 4,2 га жер телімі бөлінді, тиісті құжаттар дайын. Құрылысы жоспарланған жатақханалардың жобалық құжаттамаларын әзірлеу үшін инвесторлармен тиісті жұмыстар атқарылуда.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтау саласының бюджеті 2018 жылы 55,4 млрд. теңгені құрады (2017 жылы – 59,1 млрд.теңге). Оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – 43,93 млрд. теңге (2017 жылы – 34,2 млрд.теңге).


2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 72,43 жасты құрады. Жалпы өлім – жітім коэффициенті 2017 жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға төмендеп, 6,39-ды құрады (2017 жылы – 6,49).
Аналар өлімінің көрсеткіші 34,4 пайызға төмендеді, 100 мың тірі туған нәрестеге есептегенде 8,0-ді (2017 жылы –12,2), нәрестелік өлім көрсеткіші 1000 тірі туған нәрестеге есептегенде 7,7%-ге төмендеп, 7,1-ді құрады (2017 жылы – 7,7).


Облыстың әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша жағдайы тұрақты.
Кешенді іс-шараларды тиімді іске асыру туберкулез бойынша жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарып, аурушаңдық 2,5%-ға (100 мың тұрғынға 51,5-тен 50,3-ке дейін,) және өлім 8,6%-ға (100 мың тұрғынға 2,3-тен 2,1-ге дейін,) төмендеді.


Туберкулезге қарсы күресте науқастарға және олардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетудің маңызы зор. Жыл сайын жергілікті атқарушы органдары тарапынан туберкулезбен ауыратын науқас адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің көлемі артуда. Мәселен, 2017 жылы — 78,2 млн. теңге, 2018 жылы — 106,8 млн.
Облыс бойынша 21 онкологиялық, 22 маммологиялық және 40 қарау кабинеттері жұмыс жасайды. 2018 жылы қатерлі ісіктен аурушаңдық көрсеткіші 140,9 -дан 139,9-ға дейін, яғни 0,7%-ға төмендеді, өлім көрсеткіші 75,4-тен 63,9-ға, яғни 16%-ға дейін төмендеген.

Уақтылы жүргізілген скринингтік тексерулер нәтижесінде қан айналымы жүйесінен аурушаңдық көрсеткіші 2,7 пайызға төмендеді (2017 жылы – 2950,7; 2018 жылы – 2869,4).
Қан айналымы жүйесінен өлім көрсеткіші 10,2 пайызға төмендеп, 100 мың адамға шаққанда 122,0 құрады (2017 жылы – 136,0).


2018 жылы жергілікті бюджет есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3,3 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 2,5 млрд. теңгеге 805 бірлік медициналық техника, мемлекеттік-жекешелік әріптестікке 37,5 млн. теңге бөлініп, 136 дана құрал-жабдық, 516,1 млн.теңгеге 1013 бірлік өзге де техника сатып алынды.
Жедел медициналық жәрдем және бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының жедел көмек қызметі үшін 252,9 млн. теңгеге 27 санитарлық автокөлік сатып алынды.
2018 жылы жетіспейтін дәрігерлер үлесі 30-ға дейін төмендеді. 2018 жылы облысқа 122 жас маман келіп, оның 102-сі ауылдық жерге (12 аудандық маңызы бар қалаларға) орналастырылды. Ауылдық жерге орналасқан жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, жергілікті бюджеттен 60,8 млн. теңге бөлінді.

2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 9 денсаулық сақтау нысандарының (1 ДА, 2 ФАП, 6 МП) құрылысын салуға 521,2 млн. теңге және 6 денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге 111,5 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып, игерілді. Онкологиялық диспансердің құрылысына республикалық бюджеттен 250,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 4,5 млн. теңге қарастырылып, игерілуде, аяқталу мерзімі 2018-2020 жж.
«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 81-қадамына сәйкес 2018 жылдың қараша айында 120 орындық «Айша бибі» санаторийі сенімгерлік басқаруға берілді.
Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 36,4 млн. теңгеге Әлжан ана дәрігерлік амбулаториясына ғимарат сатып алынды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 29 нысанның құрылысы жүзеге асырылды. Жалпы құны 719,9 млн. теңге.
Денсаулық сақтау саласында медициналық ұйымдарда 97,5%-ға қағазсыз медициналық құжаттаманы жүргізу (бастапқы медициналық құжаттаманың 121 нысанының 118-і) енгізілді. Халықтың 68,8% -ы (770 195 төлқұжат) электрондық денсаулық паспорттарына қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, медициналық ұйымдардың 100%-ы компьютерлермен жабдықталған және 92%-ы (398 медициналық ұйымның 364-і) Интернет желісіне қосылған.
«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұйымдарында медициналық ұйым қызметкерлері мен халықтың цифрлық сауаттылығын оқыту үшін 20 цифрлық бекет құрылды. Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің 100%-ы цифрлық сауаттылықты арттыру курсынан сәтті өтті және Жамбыл облысы бойынша 489 мыңнан астам халық медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге оң әсер етеді.
57 мыңнан астам пайдаланушыны белсенді пайдалана отырып, медициналық ұйымдардың 10,8%-на (43 медициналық ұйым) медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) және 2 мобильді қосымша енгізілді. Сондай-ақ қаланың 12 медициналық ұйымдарында «E-Kezek» электрондық кезек жобасы енгізілді, бұл кезекті 1,5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді.

МӘДЕНИЕТ

Бүгінде облыста мәдениет, архив мекемелерінің саны 549-ды құрады.
Мәдениет саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 2018 жылы 5,5 млрд. теңге бөлінді.
2018 жылы облыста 3 музей қолданысқа берілді: Қордай ауданы Әлжан ана ауылдық тарихи музейі, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейі және Тараз қаласы Қ.Рысқұлбеков саябағында «Желтоқсан-86» орталығы.
Тараз қаласының саябақтары, скверлерлері жаңартылып, Б.Момышұлы атындағы «Ерлік» мемориалдық кешені бой көтерді. Кешенге «Б.Момышұлы» ескерткіші, «Мәңгілік алау» ескерткіштері көшірілді. Осы жұмыстардың аясында 105050 Ұлы Отан соғысына қатысушыларының тізімі арнайы мәрмәр тақтаға қашалып жазылды. «Ерлік» ақпараттық сайты ашылды. Сонымен қатар Жамбыл Жабаев ескерткіші, Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ және Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші қайта жаңғыртылып, «Тәуелсіздік ұшқыны» алауы, «Ғибрат» орталығы, «Желтоқсан толқыны» субұрқағы және Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Тыл еңбеккерлеріне, «Чернобыль» атом электростансасының зардабын жоюға қатысушыларға, Ауғанстан соғысы ардагерлеріне арналған есерткіштер ашылды.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бағдарламасын енгізу үшін жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлініп, Жамбыл облыстық мемлекеттік архивіне «Электрондық архив» ақпараттық жүйесі бағдарламасы орнатылды.
Қазіргі таңда облыстағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны 3 368-ді құрайды. Оның ішінде: 741 тарихи – мәдени ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған. 30 ескерткіш Республикалық дәрежедегі ескерткіштер болса, оның 5-уі ЮНЕСКО-ның «Бүкіл әлемдік Мәдени Мұра» тізіміне алынып, Халықаралық дәрежедегі ескерткіштер мәртебесіне ие. Ал қалған 2627 тарих және мәдениет ескерткіштері алдын ала тізімге алынған.
«Әулиеатаның киелі жерлерінің картасы» жобасы іске асырылып, жоба аясында «JADIGER» ЖШС тарапынан жүргізілген ғылыми экспедиция жұмыстарының нәтижесінде арнайы веб сайт құрылып, облыстағы киелі жерлердің электронды картасы дайындалды. Нысандардың 3Д моделі мен панараммалық көріністері жасалып, кітап-альбом және мультимедиялық өнімдер шығарылды.
Облыста 201 Мәдениет үйлері мен клубтар тұрғындарға мәдени-көпшілік қызмет көрсетіп келеді. Облыстағы 766 клуб құрылымдарына 8490 адам тартылған. 58 ұжымда «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар.
Мәдени, рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын 288 мемлекеттік кітапхана облыс халқына қызмет көрсетіп отыр. 2018 жылы облыс кітапханаларының кітап қоры 3,5 млн. дананы құрап, оның мемлекеттік тілдегісі 1,8 млн. данаға жетті. Бүгінгі таңда облыс бойынша 288 кітапхананың Интернетке қосылғаны – 273. Компьютермен қамтылған кітапханалар саны – 282.
Облыс театрлары 72750 көрерменге 458 қойылым ұсынып, репертуарларын толықтыру мақсатында әртүрлі жанрда 18 жаңа қойылым сахналады.
Жамбыл облыстық филармониясы 2018 жылы 340 концерт ұйымдастырып, оған 150 100 көрермен қамтыды.
Облыс музейлерінің қорындағы экспонаттар саны 2214-ке ұлғайды.
2018 жылы 3266 кинокөрсетілім қойылып, 123221 көрермен қамтылды.
Есепті жылы облыс көлемінде ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған 7 мыңнан аса іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде 1 халықаралық, 4 республикалық, қалғандары облыстық және аудандық деңгейдегі шаралар.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ

2018 жылы облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 327,4 мың адамды немесе 29,1%-ды құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 7,8 мың адамға (319,6 мың адам) өсіп отыр.


2018 жылы спорт саласына 6,1 млрд. теңге бөлінсе
(2017 жылы 6,8 млрд. тг.), материалдық-техникалық базаны нығайтуға 119,3 млн. теңге бөлінді.
2018 жылы Астана қаласының 20 жылдық мерей тойы қарсаңында облыс бойынша 5 спорт нысаны ашылып, халық игілігіне берілді.
Сонымен қатар облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін аулаларда, парктерде және саябақтарда барлығы 16 стритворкаут алаңшасы қолданысқа берілді (Байзақ – 4, Жуалы – 4, Сарысу – 2, Талас – 2, Меркі — 4).
Облыс бойынша тұрғындардың спортпен жүйелі түрде шұғылдануы үшін қолжетімді 1605 спорт нысаны анықталды. Оның ішінде 517-сі Тараз қаласында, 1088-і аудандарда орналасқан. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 354 нысанға өскен.
Жалпы 2018 жылы облыс спортшылары жалпы 1547 медальға қол жеткізді. Оның ішінде: Әлем, Азия чемпионаттары мен Кубогы жолындағы халықаралық жарыстарда 596 медальға (225 алтын, 177 күміс және 194 қола), Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен Кубоктарында 951 медальға (335 алтын, 250 күміс және 366 қола) ие болды.
Сонымен қатар 17 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 105 спортшы «ҚР спорт шебері» және 1 жаттықтырушы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» жоғары атағына ие болды.
Жамбыл облысынан – 893 спортшы (ересектер-280, жастар-215, жасөспірімдер-398) спорт түрлерінен Қазақстан Ұлттық Құрама командасының мүшелері атанды.
2018 жылдың басты оқиғасы Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында өткен XVІІІ – жазғы Азия ойындарына спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасы сапында Жамбыл облысынан 26 спортшы қатысып, 22 медаль (2 алтын, 16 күміс, 4 қола) иеленді.
Бұл нәтиже еліміздің өңірлері арасында Алматы қаласы мен Түркістан облысынан кейінгі 3 көрсеткіш болып отыр.
Соның ішінде облыс спортшыларының нәтижелері төмендегідей:
Каратэ-додан 68 кг салмақ дәрежесінде Гузалия Гафурова жеңімпаз атанды.
Су добынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Әлтаев Алтай қатысып, І орын иеленді.
Бокстан Асланбек Шымбергенов (69 кг) пен Әбілхан Аманқұл (75 кг) күміс жүлдегер атанды.
Су добынан Қазақстан әйелдер құрама командасы («Айша бибі» су добы клубы) – күміс жүлдеге ие болды.
Жеңіл атлетикадан (эстафеталық жүгіру (4х100, 4х400) Голендова Светлана 2 қола медальға, таеквондодан +80 кг салмақ дәрежесінде Руслан Жапаров, жүзуден (4х100) Әділ Қасқабай қола жүлдегер атанды.
Сонымен қатар пара Азия ойындарында Зульфия Габидуллина 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.
ТУРИЗМ

2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша облыста келушілерді орналастырумен 168 нысан шұғылданған, ондағы орналастыру орындары 1993 нөмірге есептеліп, олардың біржолғы сыйымдылығы 3784 төсек-орынды құрады. Олармен 84 917 адамға қызмет ұсынылып, қызмет көрсетілген келушілердің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,9%-ға артты.

ТУРИСТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ ОРЫНДАРЫНЫҢ САНЫ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН АДАМДАР САНЫ
Есепті кезеңде орналастыру орындарында 1120,1 млн.теңгенің қызметі көрсетілген, қызметтердің көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20,7%-ға артты.
2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша резидент емес келушілердiң саны 41,6%-ға артты, ал резиденттер бойынша 10,1%-ға артты.
Бүгінгі таңда облысымызда 44 туристік ұйым, 1 киіз үй қалашығы, 10 балалар-сауықтыру лагерлері, 8 демалыс орындары, минералды сулар және бірегей шипалы балшықтармен емдейтін 6 санаторлық-курорттық шипажайлар халыққа қызмет көрсетуде.
Жамбыл облысында 3367 тарихи-мәдени ескерткіш бар, оның ішінде: ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген 5 нысан, республикалық маңызы бар 25 және 3337 жергілікті маңызы бар ескерткіштер, 3367 ескерткіштің 2934-і археологиялық ескерткіштер, 433 ескерткіші қала құрылысы және сәулет ескерткіштері.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Өңірде 240 222 жас (қалада- 90 763, ауылдық елді мекенде- 149 459) бар. Жастар жалпы облыс халқының 21,5 пайызын құрайды.
2018 жылы облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 574,6 млн.теңге қаржы қарастырылды.

Жастар арасындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,1 пайызды құрады
(2017 жылғы 9 айда – 3,7%). Бұл басқа өңірлер арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Республика бойынша көрсеткіш – 3,9 пайыз.
2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген
48 млн. теңгеге 1305 түрлі санаттағы жастар «Жасыл ел» еңбек жасақтары сапында еңбек етті. Одан бөлек, жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы және жұмыссыз 253 жас құрылыс нысандарында маусымдық еңбекпен қамтылды.
Өңірде Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен «Zhas Projeсt» жастар корпусын дамыту жобасы аясында 206 жоба іске асырылды.
Нәтижесінде өңірге 400 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Жалпы, жеңімпаз атанған жобаның 77-сі облыс орталығынан болса, қалған 129-ы аудандар мен ауылдық елді мекендерден. Жоба аясында өңірдің 762 жасы жұмыспен қамтылса, оның 33-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар.
Сонымен қатар 794 жас (2017 жылы – 263 жас) кәсіпкерлік негіздеріне оқыды. Олардың 174-і шағын несие алды.

ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында облыстық бюджеттен 64,1 млн теңге бөлініп, 7 әлеуметтік жоба аясында 200-ге жуық іс-шаралар өткізілді.
Облыс тұрғындарының тілдік ахуалына 2018 жылы жүргізілген әлеуметтанымдық-лингвистикалық зерттеудің нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 98,3%, орыс тілін меңгергендердің үлесі – 92,3%, ал ағылшын тілін меңгергендердің үлесі – 25,1%, үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгергендер 24,1%-ды құрады.
Мемлекеттік мекемелердің шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлесі – 99%.
2018 жылы Тілдерді оқыту орталығында 3577 тыңдаушы (қазақ тілін – 1333, ағылшын тілін – 1650, орыс тілін – 594) оқыды.
Тілдерді оқыту орталығы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және 22 этномәдени бірлестіктер арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, меморандум аясында 1071 этнос өкілдері қазақ тілін тегін үйренді. Тілдерді оқыту орталығы тарапынан 22 этномәдени бірлестікке әдістемелік көмектер көрсетілді.
Тілдерді оқыту орталығында латын негізді қазақ әліпбиіне көшу жөнінде облыс тұрғындарына әдістемелік көмектер көрсететін «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинеті ашылды.
Республикада алғашқылардың бірі болып облыста латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жаңа заман талабына сай интернет-технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқып, жазуға үйрету мақсатында интернеттің кез келген браузерлері мен смарт телефондары арқылы кіруге болатын, азаматтар үшін қолжетімді, тегін, уақыты шектеусіз, 18 сабақтан тұратын Qazalipbi.kz онлайн оқыту бағдарламасы әзірленді.
2018 жылы облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, нысандар мен әкімшілік-аумақтық бірліктерге, оның құрамдас бөліктеріне 524 атау берілді.
2018 жылы облыстағы сыртқы көрнекі ақпараттардағы тіл сауаттылығын зерделеу мақсатында «Тіл сақшысы» телебағдарламасы, 18 акция, 85 рейд жүргізілді. Нәтижесінде көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілдің пайдаланылу дәрежесі – 86,4% -ды құрады.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖӘНЕ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен облыстың полиция департаментін қаржыландыруға 2018 жылы 7,4 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға 1,4 млрд. теңге.
Полиция қызметкерлеріне 2018 жылы 493,0 млн. теңгеге 71 автокөлік сатып алынды.
Сонымен бірге 2018 жылы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметін материалдық-техникалық жабдықтауға 399,4 млн. теңге бөлінді.
Қоғамдық тәртiпті сақтауға үлес қосқан азаматтарды көтермелеуге жергілікті бюджеттен 1,1 млн. теңгеге жуық (2017 – 1,0 млн. теңге) қаржы бөлініп, 68 азамат қаржылай көтермеленді.
2018 жылы жалпы қылмыстар 22,1 % -ға (11834-тен 9217-ге), оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау деректері 22,3% -ға (7052-ден 5476-ға) төмендеді.
«Электрондық қылмыстық іс» («е-Уд») бойынша 2018 жылға 108,3 млн. теңге жергілікті бюджет есебінен жұмсалды (оның 56,2 млн. теңгесі қажетті жабдықтар алуға, 52,1 млн. теңге байланыс қызметіне бөлініп отыр).
Сыбайлас жемқорлық бойынша 2018 жылы 81 тұлғаға қатысты 110 қылмыстық іс қозғалып, 2017 жылмен салыстырғанда 37,5 пайызға төмендеді (2017 ж. 109 тұлғаға қатысты 176 қылмыстық іс қозғалған).
Аталған 110 қылмыстық істің 82-сі бойынша тергеу амалдары аяқталып, 79-ы сотқа жолданып және оның 3-еуі бойынша қылмыстық іс тоқтатылған.
Қазақстанның барлық қалаларын қоғамдық қауіпсіздікті мониторингілеу жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша фото-бейне тіркеу және бейнебақылау жүйесі енгізілуде. Облыста камералардан алынған деректерді мониторингілеу және талдау мақсатында жедел басқару орталығы (ЖБО) жұмыс істейді. Бүгінгі таңда облыс бойынша орнатылған камералардың үлесі 2018 жылы жоспарланғандардың 70%- ын (1000-нан 700-і) құрайды.

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Өңірде Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласының негізгі аспектілерін тиімді іске асыру бойынша тиімді шаралар қабылданды. Осыған байланысты өңірлік Жобалық офис, Өңірлік комиссия, Өңірлік жұмыс тобы, Сарапшылар кеңесі жұмыс атқарады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бекітілген жоспарға сай атқарылуда. 2018 жылы 1,4 млрд. теңгеге 149 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 369 млн.теңге бөлініп, демеушілер есебінен 1 млрд. теңге тартылды. Ұйымдастырылған іс-шараларға 500 мыңнан астам адам тартылды.
«Туған жер» арнайы жобасы аясында «Атамекен» бағыты бойынша 79 жоба іске асырылды. Оның ішінде 4 тұрғын үй, 8 пәтер, 11 спорт нысаны, 2 аллея, 1 медициналық пункт, 1 мұражай салынса, 29 жоба әлеуметтік көмек, ал 23 жоба инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.
«Тәрбие және білім» бағыты бойынша құны 187 млн. теңгені құрайтын 53 жоба жүзеге асырылып, 324 556 адам тартылды.
«Рухани қазына» бағыты бойынша құны 182 млн. теңгені құрайтын 16 жоба жүзеге асырылып, 240 307 адам тартылды.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне Жамбыл облысынан 35 тарихи-мәдени нысан енгізілді, оның ішінде 8 – жалпыұлттық (Меркі-Жайсан түркі ғұрыптық кешені; Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ.); «Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғғ.); «Тектұрмас» кешені (ХІV ғ.); «Қарахан» кесенесі (ХІІ ғ.); «Айша бибі» кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.); «Бабажы Хатун» кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.); «Байзақ батыр Мәмбетұлы» кесенесі), 27 – өңірлік деңгейде. Барлық 35 нысанның GPS координаттары жасалып, нысандарға қолжетімділік толықтай қамтамасыз етілген. Бұл нысандар Тараз қаласының 44 туристік мекемелері маршруттарына енгізіліп, алыс-жақын шетелдерден келген туристерге таныстырылуда.
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында облыстық филармонияның «Балауса» циркі (Ильяс Рахманқұлов пен Талап Таубеков) Араб мемлекетінің Доха қаласында өткен «MAGIC FESTIVAL-2018» фестивалінде 2-орынды иеленді.
Велес қаласында (Македония) өткен «Стоби-2018» Халықаралық театралдық драма фестивалінде облыстық орыс драма театры /актер Б.Избасаров/ «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды.
Шу ауданының «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі Түркияда өткен «Анадолу» фестиваліне қатысты.
«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» арнайы жобасы аясында 60-қа жуық іс-шаралар өткізілді. Жалпы республикалық диктантқа облыстан 127 636 адам қатысты.
«100 жаңа оқулық» жобасы аясында облыстың жоғары оқу орындарына 6100 кітап келіп түсті. (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті – 1481, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті – 3419, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті – 1200). Аталған кітаптар жоғары оқу орындарының электронды кітапханаларына енгізілуде. Кітаптардың сандық үлгілері кітапханалардың веб-порталдарында орналастырылған.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» арнайы жобасының екінші кезеңіне 66 үміткер республикалық іріктеу кезеңіне жіберіліп, онлайн дауыс беру кезеңіне 5 кандидат (Ғани Құттымұратов – медицина, Кенен Ақүрпеков – мәдениет, Дмитрий Трубин – спорт, Қасым Аманқосов – мәдениет, Руслан Төлегенов – қоғам) қатысты.
Республикалық «Жомарт жүрек» жобасы аясында:
«Жыл меценаты» номинациясы «Alga Diamond» ЖШС директоры Бекмұсаев Жанболат Қаратайұлы;
«Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша «Шәушен» шаруа қожалығының жетекшісі Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы;
«Туған өлке» номинациясы бойынша Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы;
«Ерен еріктілік» номинациясы бойынша «Айналайын» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Разақова Айгүл Әшімқызы марапатталды.
Сонымен қатар Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы республикалық патриоттар форумында «Жыл патриоты» номинациясы атағына ие болды.
Бағдарлама аясында барлығы 3250 материал жарияланған (оның ішінде: республикалық – 50, облыстық – 431, жергілікті басылымдарда – 709, телеарналарда – 236, ақпарат агенттіктерде – 424, әлеуметтік желілерде – 935, қала және аудандық әкімдіктердің ресми сайттарында – 465).

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
Қоғамдық-саяси ахуалды зерттеу және қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында 2018 жылы 5 әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу тақырыптары – Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары бойынша ақпараттану және қолдау деңгейі, сондай-ақ бағдарламаға халықтың қатысу үлесі, қоғамдық-саяси ахуалды ҚСА бірыңғай әдіснамасына сәйкес зерттеу, ең маңызды және проблемалық мәселелерді анықтау, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының сұраныс деңгейі мен танымалдығын анықтау, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін анықтау бойынша жүргізілді.
Зерттеу қорытындылары облыстағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын көрсетеді. Облыс тұрғындарының басым көпшілігі қоғамдық-саяси ахуалды «тұрақты» әрі «тыныш» деп есептейді (І тоқсан – 91,32%, ІІ тоқсан – 92,78%, ІІІ тоқсан – 93,55%, IV тоқсан – 96,11%).

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫ,
АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ

Бүгінгі күнге облыстың Әділет органдарында 854 үкіметтік емес ұйым тіркелген, олардың 200-ден астамы белсенді жұмыс атқаруда.
Жалпы, 2018 жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларына 814,8 млн теңге бөлінген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 108,2 млн теңгеге артық.
2018 жылы 68 үкіметтік емес ұйыммен 782,1 млн. теңгеге 213 жоба жүзеге асырылды.

Облыста «Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттар партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, Қазақстан коммунистік халықтық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық республикалық саяси партиялардың облыстық филиалдары жұмыс жүргізуде.
Бүгінде облыстық 26 этномәдени орталық жұмыс істейді.
Этносаралық келісімді қолдау мақсатында 10 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған 957 іс-шара өткізіліп, оған 57 мыңға жуық мақсатты аудитория қамтылды.
Облыста 62 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, оның 51-і мерзімді басылым, 2-еуі телеарна («JAMBYL», «77TV»), 9-ы ақпараттық агенттік («ZHAMBYLNEWS», «TURANINFO», «Ec-Sport», «77NEWS», «AQ JOL-AQPARAT», «ZAU.KZ», «08INFO», «Zhampoz», «Qasqanat.kz»).
2018 жылы мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың көлемі 641,0 млн. теңгені құрады, ол 2017 жылмен (620,0 млн. теңге) салыстырғанда 21,0 млн. теңгеге артық.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 35 бұқаралық ақпарат құралдары қамтылып (19 басылым (газеттер және журналдар), 2 телеарна, 1 радио, 14 интернет-ресурс (ақпараттық агенттіктері және жаңалықтар порталдары), басылымдарда 2,4 млн.см2 материалдары, телеарналарда 735 сағат сюжеттер мен бағдарламалар, сондай-ақ ақпараттық агенттіктер және жаңалықтар порталдарында 3002 материал жарияланды.
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР

2018 жылы Қоғамдық кеңестер барлығы 288 отырысын өткізіп, кеңес қарауына ұсынылған 472 құжатқа тиісті қорытындыларын (ұсынымдары) берді. Қоғамдық кеңестер жергілікті жерлерде халықпен 262 рет кездесулер өткізді (оның ішінде елді мекендердегі өзекті мәселелерді талқылау бағытында 60 кездесу).
Облыстық, аудандық және Тараз қалалық мәслихаттарының шешімдерімен бекітілген барлығы 161 комиссиялар, кеңестер мен басқа да жұмысшы органдар құрамына Қоғамдық кеңестердің мүшелері енгізілді.

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ

2018 жылы облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 4056 (2017 ж. – 3757) өтініштер түсіп, заңнама шеңберінде белгіленген мерзімде жауаптары жолданды.
Талдау көрсеткендей, облыс тұрғындарын негізінен толғандырып отырған мәселелер – халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, оның ішінде, пәтер және тұрғын үй алу туралы – 282 (2017 ж. — 248), коммуналдық қызмет көрсету – 263 (2017 ж. – 118), материалдық көмек көрсету – 114 (2017ж. – 59).
Өтініштердің басым көпшілігі Тараз қаласының (1667), Жамбыл (115), Шу (107) және Байзақ (95) аудандарының тұрғындарынан түскен.
Есепті мерзімде облыс әкімінде, оның орынбасарларында және аппарат басшысында 242 (2017ж. – 158) азамат қабылдауда болып, олардың барлығына тиісті түсініктемелер берілген.
Есепті мерзім ішінде сенім телефоны арқылы 315 (2017 ж. – 324) хабар түссе, оның 263-нің шешімі табылып, 52-сіне түсініктемелер берілген (электр энергиясына қатысты – 226, «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету бойынша – 14, су –16, жылу – 14, басқа да мәселелер бойынша – 45).
Сонымен қатар облыс әкімі аппаратының ғимаратында азаматтардың өтініштеріне арнайы орнатылған жәшікке барлығы 15 (2017ж. — 17) өтініш түсіп, мерзімінде жауаптары берілді.
Облыс әкімінің атына халыққа қызмет көрсету орталығындағы Кешен арқылы азаматтардан 9 бейнеөтініштер қабылданып, тіркелді. Олар мерзімінде қаралып, уақтылы жауаптары берілді.

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ 2018 ЖЫЛДЫҢ
ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ

Облыс әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша берген есебінде тұрғындар тарапынан көтерілген өтініш-тілектердің 28-і арнайы іс-шаралар жоспарына енгізіліп, бақылауға алынды.
Іс-шарада көзделген міндеттердің 5-еуі орындалып, 23-і тұрақты бақылауға қойылды. Іс-шараның орындалу барысы тоқсан сайын облыс әкімінің сайтында жарияланып тұрды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support