- Advertisement -

Шудың бойында

68

- Advertisement -

атқарылған жұмыстар көп

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Бақытжан Ертаев Шу қаласына да атбасын бұрып, «Тоғай» шағын ауданында бой көтеріп жатқан 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұған дейін Халық Қаһарманы Тараз қаласы мен Қордай және Жуалы аудандарын аралап, тұрғындармен кездескен еді.
Аталмыш нысанға жауапты «Құрылыс ТЭД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске бастығы Амангелді Жұмағалиевтың айтуынша, қазіргі кезде мұнда 10-нан аса техника мен 60 адам тұрақты жұмыс істеп жатыр. «Өткен жылы аталмыш мектептің құрылысына 424 миллион теңге бөлініп, толық игерілді. Ал биылға 800 миллион теңге қарастырылып отыр. Бәрі жоспарға сай. Күннің суытуына байланысты қазір нысанның ішкі құрастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сәтін салса, тамыз айында толық аяқталады», – дейді ол.
Екі қабатты мектеп ғимаратында төрт бірдей оқу блоктары, спорт зал, 90 орындық акт залы, медициналық пункт және 104 адамға арналған асхана орналасқан. Сонымен бірге білім ошағының алаңында кіші футболға арналған стадион да салынбақ. Бүгінгі таңда мұнда 70-ке жуық құрылысшы жұмыс істеп жатса, оның 20 пайызы жергілікті тұрғындар. Құрылыс жұмыстарымен танысқан Бақытжан Ертайұлы мердігер компанияға жұмысты сапалы жүргізуге баса мән беру керектігін ескертті.
Бұдан кейін халық қалаулысы қалалық емханаға барып, емді бақылайтын және серологиялық бөлімдерді аралады. Бас дәрігер Баян Билалованың айтуынша, бірқатар мамандар жетіспейтін көрінеді. Қазіргі кезде мұндағы мамандар 67 пайызды ғана құрап отыр. Тұтастай алғанда 18 маман қажет. Ауданда өтетін бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңкелерге үнемі қатысқанымен, кадр тапшылығы әлі де өткір күйінде қалып отыр.
Сонымен қатар Б.Ертаев Ауған соғысында қаза болған азаматтарға арналған ескерткішке барып, боздақтардың рухына тағзым етті. Одан кейін аудандық кітапханада оқушылармен кездесіп, әңгімелесті.

 

Ерғали Қартайған

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support