- Advertisement -

Жер телімдерін алуды қалай ұйымдастырамыз?

47

- Advertisement -

Жер кодексі – жер заңнамасының және барлық жер қатынастарының негізін анықтайтын жаңа құқықтық акт болып табылады. Кодекс талаптарына сәйкес жер теліміне құқық табыстауда ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету қарастырылған.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануды және оларды жалға беру конкурс негізінде жүзеге асырылуда. Конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесін қоғамдық кеңеспен, кәсіпкерлер палатасымен, мемлекеттік емес ұйымдармен және өзін-өзі басқару органымен келісе отырып, жергілікті атқарушы орган қалыптастырады.
Конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімдік басылымдарда, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында жарияланады, сондай-ақ орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсына орналастыру үшін жолданады және халыққа қолжетімді жерлердегі ақпараттық стендтерде орналастырылады. Конкурсқа қатысуға өтініш қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Елді мекендер аумағынан кәсіпкерлік үшін жер телімдері аукцион арқылы беріледі. Сауда-саттықты ұйымдастырушы аукционға қойылатын жер телімі туралы мәліметтерді қамтитын аукцион өткізу туралы хабарлама жасайды және оны аукцион өткізудің жарияланған күнінен бұрын он бес күннен кешіктірмей мерзімдік басылымда, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жариялайды.
Жер қатынастарын реттеуде әзірленген нормативтік-құқықтық актілердің жобалары пайдаланушылар үшін актілерге қолжетімділігін онымен кері байланысты қамтамасыз ету (пікір қалдыру, дауыс беру), портал пайдаланушылардың қоғамдық талқылауын жүргізу мақсатында «электрондық үкімет» веб-порталының ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жарық көрді.
Жер қатынастары басқармасы тарапынан 2017 жылы аталған порталға – 7, ал 2018 жылы 8 акті жарияланды. Жерге құқық табыстауда жеке кәсіпкерлік нысандарының мүдделерін қорғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бұқаралық ақпарат құралдарында мерзімінде жарияланып отырады.
Жерге құқықтар табыстаудың жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында басқармада бос ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттардағы жер телімдері туралы мәліметтер орналастырылған uzo-zhambyl.kz және жер қойнауын пайдаланушылар туралы ақпарат орналастырылған osp.uzo-zhambyl.kz сайттары ашылды. Сол сияқты, Тараз қаласында zis-taraz.kz ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Жер ресурстары туралы ақпараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар жасау үшін облыстың жер қорының интерактивті (электронды) картасы әзірленуде. Ауылдық округтер кескінінде жердің құнарлылық картасы әзірленді. Сонымен қатар облысымыз жерге құқықтар табыстауды электронды форматқа көшіру жөніндегі республикалық қанатқақты жобаға енгізілді.
Кодекстің талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жер телімін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты жер телімін беру негізін, нысаналы мақсатын, алаңын, орналасқан жерін, құқық түрін, жалға алу мерзімін көрсете отырып, халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының интернет-ресурсында ай сайын, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімдік басылымдарда кемінде тоқсанына бір рет жариялау арқылы орналастыруға міндетті.

Бердібек МОЛДАБАЙ,
облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасы басшысының
міндетін атқарушы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support