- Advertisement -

Келешекке жасалған нық қадам

78

- Advertisement -

Бәсекеге қабілетті, талантты, білімді, өнерлі, патриот жастар барда еліміздің ертеңі жарқын болмақ. Сондықтан да Елбасымыз әр сөзінде өскелең ұрпаққа ерекше ықыласпен қарайтынын сездіріп, олардан зор үміт күтетінін, сенім артатынын айтады. Оны іс жүзінде де дәлелдеп, өскелең ұрпаққа зор мүмкіндіктер беретін сан алуан жобаларды қабылдауға пәрмен беріп, тиісті сала басшыларына міндет жүктеуде.
14-29 жас аралығындағы азаматтар үшін бір мүмкіндігі көп жылдың бірі осы 2019 жыл деп ойлаймын. Елбасы 2018 жылы қазан айында халыққа арнаған Жолдауында биыл Жастар жылы екенін жариялаған болатын. Ал Астана қаласында өткен Жастар жылының ашылу салтанатында жастар саясатының дамуына жаңа серпін берілетіндігі баса айтылды. Сондай-ақ биыл стартаперлерді қолдау қоры құрылып, жас ғалымдардың өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік туатыны сөз болды.
Елбасы жүктеген міндеттер осы жылы көптеген жастың көкейіндегі арманы мен тілегі орындалатынын көрсеткендей. Олай деуіме негіз де жоқ емес. Себебі қоғамның ең бір өзекті мәселесі – баспана қолжетімді бола түспек. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы өз кәсібін ашамын деген жастарға жол ашып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандардың жағдайы жақсарып, берілетін көтерме жәрдемақы 70-тен 100 айлық есептік көрсеткішке арттырылмақшы. Бір сөзбен айтқанда, бұл – мен және менің замандастарым үшін зор маңызға ие тарихи жылға айналары анық.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі ретінде мен осының бәрін болашаққа жасалған нық қадамдардың бірі деп бағалаймын.

Хамида ТУРДЫЕВА,
облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі, «Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің» өкілі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support