- Advertisement -

Головкин мен Андраде кездесе ме?

45

- Advertisement -

Белгілі промоутер Эдди Хирн бірқатар бокс сарапшыларының жалған ақпарат таратып отырғанын айтып, ренішін білдірді. Ол әсіресе қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде арасында өтеді делінген жекпе-жекке қатысты ақпараттың негізсіз екенін сынға алды.
«Келіссөздер жүріп жатыр. Алайда әзірге ешқандай нақтылық жоқ. Майк Коппинджердің «Твиттердегі» жазбасы туралы не айтамын? Мен Майкпен сөйлестім. Оның көптеген ақпараттары шындыққа жанаспайтынын, жәй ғана қоқыс екенін айттым. Алты бірдей жазбасы жалған екенін жеткіздім. Головкин Андрадемен қолғап түйістіреді деген де ақпарат таратты. Бұл да өтірік. Журналистің мақсаты дәлелденген мәліметті тарату болса керек-ті. Коппинджерге қарсы ешқандай артық ойым жоқ. Әйткенмен ол көп жағдайда дәлелсіз жазбасымен жұртты күлдіріп жүр», – дейді ол.
Өз кезегінде спорт шолушысы ақталып бақты. Ол бұл кездесу өтеді деп мәлімдеме жасамағанын, тек ұйымдастырылса деген тілегі болғанын алға тартты.
Жалпы, Геннадий Головкин мен Деметриус Андраде арасындағы шайқас өтуі мүмкін бе, жоқ па, ол – болашақтың әңгімесі. Өйткені бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Андрадеге негізгі қарсылас ретінде ұлыбританиялық Билли Джо Сондерсті таңдап қойған болатын. Ал аталмыш ұйым көп жағдайда өз ұстанымынан бас тартпайтыны белгілі. Соған қарағанда Андрадемен жұдырықтасу мүмкіндігі Головкиннен гөрі Билли Джо Сондерсте басымдау болып тұр.
Қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Геннадий Головкиннің шаршы алаңға нақты қашан оралатыны әзіргі белгісіз. Бұған дейін мамандар отандасымыз мамыр айында кезекті шайқасын өткізуі мүмкін дескен еді. Алайда әзірге ешқандай нақтылық байқалар емес. Бәлкім, жақын күндері әлемнің экс чемпионы бір шешімге келетін шығар. Кім білсін?

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support