- Advertisement -

Хабиб пен Конор қайта кездесе ме?

62

- Advertisement -

UFC-ден (абсолютті жауынгерлер біріншілігі) жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегор екінші рет сегізбұрышта кездесуі мүмкін бе?
Бірінші шайқастың шуы енді ғана тарқаған секілді. 29 қаңтар күні Неваданың атлетикалық комиссиясы «Хабиб-Конор» ісіне нүкте қойды. Нурмагомедовке 500 мың доллар айыппұл салынса, Конор Макгрегор 50 мың доллар төлемек. Сонымен қатар Хабиб 9 айға спорттан шеттетілді. Макгрегордың мерзімі алты айды құрады.
Алғашқы кездесудегі бұзақылық оқиғасынан кейін жанкүйерлер екі спортшының қарымта жекпе-жек өткізуі неғайбыл деп ойлағаны жасырын емес. Алайда UFC президенті Дана Уайт бәрі де ықтимал екенін алға тартады.
– Хабиб пен Конор арасындағы қарымта кездесу туралы не айта аламын? Бәрі де мүмкін. Алайда қазір емес. Алдымен Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонға қарсы шығады. Конор Серронеге қарсы бақ сынайды. Аталған жекпе-жектерде Хабиб пен Конордың мерейі үстем болса, қарымта жекпе-жекті ұйымдастырамыз, – деді Дана Уайт өз ойын білдіріп.
Әлбетте, бірінші жекпе-жекте Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегорға еш мүмкіндік берместен жеңіске жетті. Сондықтан кейбір жанкүйерлер екінші шайқастың еш мәні жоқ деседі. Алайда көпшілік жұрт қос мықты арасындағы тағы бір кездесуді көргісі келетіні жасырын емес.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support