- Advertisement -

Айта салдым

54

- Advertisement -

МАИ-дың тоқтатқанынан, дәметкені жаман.

* * *
Әйелдің шашы қысқа, құрығы ұзын.

* * *
Әйелдің бажылдасқаны – ақылдасқаны.

* * *
Аңдамай сөйлеген «қораға» кіреді.

* * *
Абитуриентті кім оқуға түсірсе, сол ыстық.

* * *
Әйел тоймай, күйеу байымайды.

* * *
МАИ-дан құтылсаң, алдыңнан кеден шығады.

* * *
– Институттағы өмірдің өзі – тарих…
– Қай тарих! Лекциясы ма, әлде семинары ма?

* * *
– Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын.
– Кешіріңіз, бәрібір ұлыңызды оқуға түсіре алмаймын.

* * *
– Жаяудың шаңы шықпайды.
– Әрине, ол тротуармен жүрсе, қайдан шықсын?!

* * *
– Мен сіздің ұлыңызды көшеде мас болып жатқан жерінен көрдім.
– Ә, айлығын алған ғой.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support