- Advertisement -

Мәзбаевқа ризамыз, Масудовқа сенеміз

33

- Advertisement -

Кез келген жанкүйер секілді мен де футболдан Қазақстан премьер-лигасының басталуын асыға күтіп жүрмін. Өйткені биыл біздің сүйікті командамыз «Тараз» футбол клубы премьер-лигада бақ сынайтыны белгілі. Сондықтан бұл біріншіліктің біз үшін маңызы зор дегім келеді.
Өткен маусымда «Таразды» сол кездегі бас бапкер Нүркен Мәзбаев төрге сүйреп, бірінші лигадан премьер-лигаға алып шыққан болатын. Нүркен жергілікті команданы жаттықтырған уақытта бар күші мен білім-білігін сарқа жұмсағанын ешкім жоққа шығармайды. Жерлесіміздің жанкештілігі үшін айрықша алғыс білдіргенім жөн шығар. Нүркеннің табанды еңбегі өз жемісін берді. Шүкір дейміз.
Енді «Тараз» футбол клубының тізгіні тағы бір жерлесіміз, еліміздің көптеген футбол клубтарына еңбегін сіңірген Вахид Масудовқа тиіп отыр. Мен Нүркеннің де, Вахидтің де еңбек жолымен етене таныспын. Вахид қай қалада жүрсе де, талмай тер төкті. Өзі жаттықтырған команданың отымен кіріп, күлімен шықты. Енді өзінің туған жеріне оралып, жергілікті команданы баптайтын болды.
Мен 50 жылдан бері «Тараздың» шын жанкүйерімін. Жергілікті команданың өз алаңында өткізген ойындарын қалт жібермеймін. Меркі ауданынан арнайы келіп, кездесулерді тамашалаймын. «Тараз» футбол клубы өз алаңында ешқашан ұтылмаса екен деген тілекте жүремін.
Келе жатқан маусымда біздің «Тараз» футбол клубы үздік ойын үлгісін көрсетіп, жүлдегерлердің қатарынан көрінсе екен деймін. Жаса, «Тараз!»

Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,
зейнеткер.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support