Сарышұнақ аяз: Қандай өңірлерде сабақ болмайды

Сарышұнақ аяз: Қандай өңірлерде сабақ болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қатты аязға байланысты тағы төрт өңірде бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары оқымайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай қаласының білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, 28 қаңтар сағат 06.00-дегі жағдай бойынша, облыс орталығында термометр -27 градусты көрсетіп тұрды. Осыған орай бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Павлодар қаласының білім басқармасы -31 градус аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптар үшін сабақтарды тоқтатты.

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше елдімекенінде таңертеңгі кезекшіліктегі оқушылар оқымайды. Атап айтқанда, Өскемен қаласында (-28°С) 1-4 оқушылары, Семейде (-29°С) 1-11 сынып оқушылары және 1-2 курс колледж студенттері, Риддерде (-32°С) 1-11 сыныптар және 1-2 курс колледж студенттері сабаққа бармайды. Сонымен қатар, Алтай ауданында (-28°С) 1-4 сыныптар, Шемонайха ауданында (-28°С) 1-4 сыныптар, Аягөз ауданында (-28°С) 1-9 сыныптар, Бородулиха ауданында (-33°С) 1-11 сыныптар және 1-2 курс колледж студенттері, Абай ауданында (-29°С) 1-4 сыныптар оқымайды.

Сондай-ақ Көкшетау қаласында аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптарда сабақ болмайды. Қазіргі кезде Көкшетауда термометр бағаны -30 градусты көрсетіп тұр.

Қатты аязға байланысты Астана қаласының мектептерінде де сабақтар тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз.

kazinform.kz

 

 

 

Comments are closed.