- Advertisement -

Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы таныстырылды

35

- Advertisement -

Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов Астанадан арнайы келген «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамының өкілдерін қабылдады. Қонақтардың қатарында қордың басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Денис Есентаев, менеджер Ильяс Жұматаев және акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының директоры Бақытжан Исақов бар.

Дәулет Мақсұтұлы даму қорының кәсіпкерлікті дамытуға арналған жаңа бағдарламалары бойынша презентация жасап, оның тиімділіктерін баяндады. Қордың негізгі мақсаты еліміздің стратегиялық даму жоспарын орындауға үлес қосу екендігін айтып, бұл бағытта біршама нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп отырғандарын атап өтті. Сондай-ақ қордың жаңа жүйесі бойынша өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық саласы бағытындағы жобаларға қаржы бөлуге дайын екендігін айтып, екінші деңгейлі банктердің қормен белсенді жұмыс жасап отырғандығын тілге тиек етті.
Асқар Исабекұлы бұған дейінгі бағдарламалардың жүргізілу тәртібі жергілікті сұраныс берушілерді аса қанағаттандырмағанына тоқталып, негізгі мақсат қалайда өңір экономикасын тиімді жолмен дамыту екендігін баса айтты. Сондай-ақ тиісті қаржы алдымен аудандағы өнеркәсіп салаларын дамытуға бөліну керектігіне назар аудартты.
Өңір басшысы бөлінетін қаржы алдымен екінші деңгейлі банктерге түссе, банктер өздерінің несиелік саясатына сай жұмыс жасап, әкімдік шетте қалып қоятынын назарға алды. Асқар Исабекұлы қор өкілдеріне ешқандай екінші деңгейлі банктерсіз, шағын несие беру ұйымдары арқылы жұмыс жасасу шартын ұсынды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support