- Advertisement -

Баспасөзге шолу. Ауылға жаңа технология жетеді 

55

- Advertisement -

«Сыр бойы» Қызылорда облыстық газетінде «Ауылға жаңа технология жетеді» атты мақала жарық көріпті.

Авторы – Алтынбек Исабаев есімді агроном. Былай депті: «Мені қуантқаны, ауылдағы еңбеккер жастарға баса назар аударылғаны. Жастар жылы маңдайы күнге, табаны құмға күйген талай қатарластарымыздың құлшынысын оятпақ. Ауыл жастарының мемлекет қолдауы арқасында фермер, жеке кәсіпкер атану мүмкіндігі ұлғая түсетін болды». Мақаладан үзінді.

«Сыр бойы»

Алтынбек Исабаев, агроном:

— Өзім Жалағаш ауданындағы «Еңбек» серіктестігінде бас агроном қызметін атқарамын. Сондықтан мені қызықтыратын тақырып та ауыл шаруашылығы. Ел Президенті бұл ретте біз секілді егін шаруашылығын қолға алған елді мекендер үшін автоматтандыру жүйесін қолға алу керегін жеткізді. «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясындағы мұндай қадамдар – заман талабы. Өндірістің барлығы автоматтандырылып, тетіктер арқылы басқаратын кезең де келіп жетті. Бұл уақытты ұтымды пайдалану мен аз жұмыс күшін қажет етуімен ерекше. Елбасы бағыт берді, бізге қалғаны – тың идеяларды жүзеге асыру. Жастар тарапынан берілген ұсыныс-пікірлер мен тың идеяларға қолдау жасалатынына сенімдімін.

«Ел болашағы – біздің, жастардың қолында. Мойнымыздағы жауапкершілік жүгі ауыр. Біз соны сезініп, ел мүддесі жолында еселі еңбек етуіміз керек», – деп агроном өз ойын түйіндеген екен.

Авторы: Қорған Төреқожа

 

24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support