- Advertisement -

Болашақ ғалымдарды қолдау артады

25

- Advertisement -

Дәулет Егембердиев,
жас ғалым.

– Елбасы «Жастар жылын» жариялап, мен секілді жас ғалымдарға үміт сыйлады. Президент жас ғалымдарды қолдап, олардың инновациялық жобаларының іске асуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл өз кезегінде еліміздің экономикасының дамуына серпін береді. «Жастар жылы» аясында көптеген қазақстандық жас ғалымдардың тың жобалары көпшілікке ұсынылмақ. Өз басым мұнай мен газ өнімдерін вакуумдық қондырғысы арқылы тазарту және топырағы тозған егістік алқаптары мен тұздалған жерлерді қалпына келтіретін жаңа жобаларды ұсынбақпын.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінде 2 миллион гектар егістік алқабының топырағы тозғанын ескерсек, тозған топырақты тиімді пайдалану үшін биомелиоранттар мен органикалық тыңайтқыштарды қолдану қажет. Тұздалған жерлерде топырақтың құнарлылығын қалпына келтірудің тиімді әдістерінің бірі – жаңа биомелиорантты пайдалану. Бұл әдісті жүзеге асырудың жолы өте қарапайым. Энерго үнемдеуші компоненттер жергілікті шикізат ресурстарынан құралған. Бір килограмм биомелиоранттың өзіндік құны – 16 теңге. Биомелиорантты пайдаланғаннан кейін егістік өнімділігі 30-50 пайызға дейін артады. Қазіргі таңда мұнай өңдеу саласында жобаларым жүзеге асуда. Ал екінші жобамды іске асыру үшін қаржы көздерін іздестіру үстіндемін.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support