- Advertisement -

Сұлулық салондарының қызмет ақысы сапасына қарай

61

- Advertisement -

Дерекке сүйенсек, жасанды кірпік жалғау алғаш 1916 жылы пайда болған екен. Д.В.Гриффит есімді продюсер өз фильміне түскен актрисаның көзін үлкейтіп көрсету үшін шаштан кірпік жалғатқызған көрінеді. Ал 5000 жыл бұрын қытай аруларының тырнақ бояу әдеті кейін әлемге тарағаны анық. Сұлу болып көрінгісі келу – наздану емес. Бұл – айналадағы жандарға жағымды әсер қалдырудың әрекеті.
Сұлулықты әркім әрқалай түсінеді. Кей қыздар өзінің табиғи келбетін сақтап қалуға ұмтылады. Тағы біреулері көп шығын шығармай, үй жағдайында күтім жасауды жөн көреді. Қазіргі таңда тек қыз-келіншектердің көпшілігі жас әрі әдемі көрінуге ұмтылады. Осы себепті сұлулық салондарының қызметі кеңейіп келеді. Бұған дәлел – көне шаһарда шаштараз, сұлулық, SPA салондары мен студиялары күн санап көбейгені. Мемлекет тарапынан көмек алып, қызмет көрсету саласында кәсібін нәсіп етіп отырған кәсіпкерлер де жоқ емес.
Қазір қыз-келіншектер сұлулық салондарына жиі барады. Соған қарай салондар да өзара бәсекеге түсіп, бұрын-соңды болмаған қызмет түрлерін ұсынуды қолға алған. Мәселен, олар уақыт ағымына қарай қандай сән үлгілері пайда болғанын қадағалап, жаңа технологияларды енгізіп, әйелдердің сұлулығы мен жігіттердің заманауи шаш үлгілерін жасау үшін түрлі өнімдерді қолданып, қызметтерді жақсартып жатыр.
Бүгінде қыз-келіншектер инъекциялы процедураларға жиі баратын болған. Оның қаншалықты зиян немесе пайдасы бар екенін барлығы біле бермейді. Дегенмен мұндай процедуралардың саны күн сайын артып жатыр. Талғамы жоғары тұтынушы үшін қашанда ұсынылатын қызметтің құны мен сапасы сын көтерерліктей болғаны маңызды. Тараз қаласының кәсіпкерлері бұл жағын да назардан тыс қалдырмаған.
Мәселен, бетіңізді әрлегіңіз келсе, бұл қызмет үшін 2000 мен 8000 мың теңге аралығында қаражат жұмсайсыз. Ал кірпікке қосымша ұзындық бергіңіз келсе, 4000-нан 7000 теңгеге дейін төлейсіз. Тырнағыңыздың күтіміне 1500-ден 6000 теңге қажет. Әрине, Алматы, Астана секілді ірі қалалардағы бағамен салыстырсақ, бұл Тараз тұрғындары үшін қолжетімді.
Жоғарыда аталған қызметтердің құны сұлулық салондарының танымалдылығына, ондағы қызметтің сапасына, сізге қандай маманның қызмет көрсететініне байланысты, яғни көптеген шеберлік сыныптарынан өткен, сертификаты бар маман қызмет көрсетсе, қызметінің сапасы да, сәйкесінше құны да жоғары болады.
Әйел сұлулығы – әлемді тербейді. Шын мәнінде, көрікті қыздың көңіл сарайы да сұлу, санасы да сергек, сөзі мәнді, жүрісі сәнді болса, ол ана болғанда да табиғат берген бар асыл қасиетті баласының бойына сіңіреді. Алайда сыртқы келбет пен ішкі сұлулық үйлесімділік тапқан кезде ғана көпке сүйкімді көрінетініңізді ұмытпаған жөн.

Меруерт КАЙНЫШЕВА,
студент.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support