- Advertisement -

Қордайды үрей құшағында ұстаған қарақшыларға үкім шықты

43

- Advertisement -

Облыс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қордай ауылын үрей құшағында ұстаған қылмыскерге қатысты үкім жарияланды. Оларға кісі өліміне, сондай-ақ зорлауға әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтірген қарақшылық жасады деген айыптар тағылды.
Қарақшылық жасағаны және көрінеу кәмелетке толмаған адамды зорлағаны үшін қылмыскерлердің бірі педагогикалық қызметті атқаруға он жылға тыйым салумен қатар 19 жыл бас бостандығынан айырылды. Екінші қаныпезер екі әйелді зорлағаны және қарақшылық жасағаны үшін 17 жылға сотталды. Үшінші сыбайласы да зорлық-зомбылық пен қарақшылығы үшін 14 жылын абақтыда өткізетін болды. «Сот Омаровты кәмелетке толмаған жәбірленушінің айғақтары негізінде зорлау және күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Ол сотқа дейінгі іс жүргізу барысында және басты сот талқылауы барысында оған қатысты осы әрекеттер жасалғаны туралы дәйекті жауап берді», – деп түсіндірді судья Азамат Тлепов. Сот-медициналық сараптамасы да мұны растаған. «Куцевой екі жәбірленушіге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Олардың айғақтары жабық сот отырысында басты сот талқылауында тыңдалды және дәлелдемелер негізінде расталды. Сондықтан сот сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді деген ұйғарымға келді», – деп толықтырды судья.
Куцевойдың шығарылған шешіммен келіспей өзіне қол жұмсау ниеті барлығын мәлімдегендігін де айта кету керек.
Естеріңізде болса, өткен жылдың жазында қарақшылар Қордай ауылын дүр сілкіндіріп, бірнеше аптада бірнеше тұрғын үйге басып кіріп, үй қожайындарын қарақшылықпен тонап жүрген болатын. Олардың кезекті шабуылдарының бірінде ауруханаға түскен 68 жастағы зейнеткер есін жинай алмастан көз жұмды. Ауылда тәулік бойы күшейтілген режім енгізіліп, кейін қарақшылар ұсталып қылмыстарын мойындады.

Шынар Сағиева

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support