- Advertisement -

Жерлесіміздің аты… «КИНЭС» рекордтар кітабына енді

61

- Advertisement -

Табиғат жанашыры, натуралист-құсбегі Жапар Сатылғановтың еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстанның «КИНЭС» рекордтар кітабына еніп отыр. Редакция алқасы жерлесіміздің алғаш рет саятшылықпен айналысатын «Қауырсын» атты әуесқой бүркітшілердің мектеп-клубын құрған жұмысын назардан тыс қалдырмапты. Әрине, құптарлық іс. Дұрыс қадам. Аталмыш клубтың іргесі 1981 жылы қаланған болатын. Мойынқұмдық құсбегі, этнограф, республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты Жапар Сатылғановты көпшілік құсбегілік өнердің белді өкілі ретінде жақсы таниды. Ұзақ жыл бойы талмай тер төккен Жапар Сатылғановтың өз саласының үздігі екені талас тудырмаса керек-ті.
– Жалпы құсбегілікті көпшілік спорт деп түсінуі, солай қабылдауы бек мүмкін. Бірінші кезекте бұл – өнер. Осыны жақсылап көкейге түйгеніміз жөн деп ойлаймын. «Рекордтар кітабына енесіз» деп кеңес үкіметі тұсында мәліметтер жинаған-ды. Бірақ неге екені белгісіз, ол туралы кейін ешқандай хабар естімедік. «КИНЭС» деп аталатын Қазақстанның рекордтар жинағы ішіне төл өнеріміздің енгені – баршамыз үшін мақтаныш. Алайда осы кітапта да біздің өнер спорт бөліміне қосылыпты. Оны енді ұйымдастырушылар біледі ғой. Бір анығы, Жамбыл жерінде рекордтар кітабына кіруге лайықты адамдар баршылық. Сол азаматтардың барлығының еңбегі лайықты бағаланып жатса, нұр үстіне нұр. Алдағы уақытта осы бір олқылықтың орны толады деген үмітім зор, – дейді Жапар Сатылғанов өз ойымен бөлісіп.
Рекордтар кітабына енген жерлесімізді біз де құттықтаймыз!

Т.Мұсылманқұл.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support