- Advertisement -

Аудан орталықтары қалаға қарап бой түзеуі тиіс

34

- Advertisement -

Құрылыс саласындағы қадағалау мен бақылаудың барысы қандай? Сәулет және қала құрылысындағы өзекті мәселелер деп нені айтуға болады? Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен қорытынды жиында, міне, осы тұрғыда алға қойылған мақсат-міндеттер мен атқарылатын жұмыстар жөнінде айтылды.
2018 жылдың қаңтар айында облыс басшысы өңірде салынып жатқан барлық құрылыс нысандарына қадағалау мен бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар бергені белгілі. Оның ішінде «қызыл сызықтан» асып кеткен заңсыз ғимараттар мен бюджет есебінен салынған нысандардың құнын анықтау, олардың сапасына қадағалау жүргізу секілді маңызды мәселелер бар. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізген облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өңірде заңсыз жұмыс істеген 10 нысанның жабылуына ықпал еткен. Сонымен қатар құрылыс жүргізуге құқығы бар барлық компаниялардың лицензиялары да тексеріліп, қазір оларды бірыңғай базаға тіркеу жұмыстары қолға алынуда.
Жиын барысында облыс басшысы жауапты басқармаға заңсыз құрылысты бақылаудың ережесін жасап, аудандармен бірлесе жұмыс атқару керектігін баса айтты. Аталған жиында қаланың сәулеті мен құрылысы жөнінде де сөз болды. Өткен жылы берілген тапсырмаларға сай өңірдегі тұрғындары 50 адамға жетпейтін 8 елді мекенді біріктіру жұмыстары жүргізілуде екен. Басқосуда облыс әкіміне бас жоспарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатқаны да баяндалды. Алайда бұл саладағы негізгі мәселеге тоқталған Асқар Мырзахметов қаланың бірыңғай келбетін қалыптастыру керектігін, көшедегі жарнамаларды реттеу, керек болса ғимараттардың шатырына дейін бір түсте болу керектігін еске салып өтті. Алдағы уақытта аудан орталықтары да қала үлгісінде ретке келтірілуге тиіс. Тіпті халық демалатын саябақтар ашса артықтық етпейді. «Бұл – әкімдіктердің бәріне ортақ іс» деп қадап айтты аймақ басшысы.
Жиын соңында облыс басшысы қала келбетіне қатысты жұмыстарды жандандырып, жалпы өңірді дамытуда жыл сайын бір қадам алға жылжып отыруды тапсырды. Мұның барлығы да ел игілігі үшін, халыққа ыңғайлы жағдай жасау үшін керектігін тағы еске салды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support