- Advertisement -

Кітапқұмарлар бас қосты

74

- Advertisement -

Рухани сананы қалыптастыру үшін жасөспірім шақ нағыз таптырмас кезең. Себебі олар естіген-көргенін ешуақытта ұмытпайды. Жас жеткіншектердің тағылымды әңгімеге ден қойып, әр нәрсеге деген қызығушылығы оянатын кезін өнеге көрсетер аға буын тиімді пайдалануы керек. Осыны ескерген «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы «Bilim Fest» ашық есік күніне орай «Кітап. Білім. Миллион» атты «Кітап Talks» интеллектуалдық кеш өткізді.
Мектеп оқушыларын әдеби кітап оқуға баулуды көздеген шарада партияның облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек әлемдегі ең көп кітап оқитын елдер туралы айта келіп, өзіне рухани азық берген кітаптар топтамасының тізімін оқушыларға ұсынды.
Зияткерлер бас қосқан шарада ТарМПУ-дың студенті Жансая Жақып жылына 70 кітапты қалай оқудың құпиясымен бөлісті. Жастарға кітапты қалай таңдау керектігін, талдап оқудың жолдары қандай екенін көрсетіп, бағыт-бағдар берді. Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі Арайлы Жақсылық мектеп оқушыларына мотивация берумен қатар, кітап оқып миллионер атану мүмкіндігі бар екенін айтып, басылым ұйымдастырып отырған жаңа байқаудың шарттарымен таныстырды. «Жоба шарты бойынша 100 кітаптан тұратын тізім құрастырылған. Оның 50-і қазақ тілінде, 50-і орыс тілінде. Жеңімпаз оқылған кітаптар бойынша сұрақ қою әдісімен анықталады», дейді газет тілшісі А.Жақсылық.
Кеш соңында оқушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, алдағы уақытта осы сынды мотивациялы-интеллектуалды іс-шаралар жиі өткізілсе деген тілек білдірді.

Жансая САБЫР,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың 4-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support