- Advertisement -

Рухани жаңғыру – жаңа белестер

62

- Advertisement -

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бекітілген жоспарға сай атқарылуда. 2018 жылы 1,4 миллиард теңгеге 149 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 369 миллион теңге бөлініп, демеушілер есебінен 1 миллиард теңге тартылды. Ұйымдастырылған іс-шараларға 500 мыңнан астам адам қатысты.
«Туған жер» арнайы жобасы аясында «Атамекен» бағыты бойынша 79 жоба іске асырылды. Оның ішінде 4 тұрғын үй, 8 пәтер, 11 спорт нысаны, 2 аллея, 1 медициналық пункт, 1 музей салынса, 29 жоба әлеуметтік көмек, ал 23 жоба инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.
«Тәрбие және білім» бағыты бойынша құны 187 миллион теңгені құрайтын 53 жоба жүзеге асырылып, 324 556 адам тартылды.
«Рухани қазына» бағыты бойынша құны 182 миллион теңгені құрайтын 16 жоба жүзеге асырылып, 240 307 адам тартылды.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне облыстан 35 тарихи-мәдени нысан енгізілді, оның ішінде 8-і жалпыұлттық (Меркі-Жайсан түркі ғұрыптық кешені; Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ.); «Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғғ.); «Тектұрмас» кешені (ХІV ғ.); «Қарахан» кесенесі (ХІІ ғ.); «Айша бибі» кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.); «Бабажы Хатун» кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.); «Байзақ батыр Мәмбетұлы» кесенесі), 27-сі өңірлік деңгейде. Барлық 35 нысанның GPS координаттары жасалып, нысандарға қолжетімділік толықтай қамтамасыз етілген. Бұл нысандар Тараз қаласының 44 туристік мекемесі маршруттарына енгізіліп, алыс-жақын шетелдерден келген туристерге таныстырылуда.
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында облыстық филармонияның «Балауса» циркі (Ильяс Рахманқұлов пен Талап Таубеков) Араб мемлекетінің Доха қаласында өткен «Magic festival – 2018» фестивалінде 2-орынды иеленді.
Велес қаласында (Македония) өткен «Стоби – 2018» халықаралық театралдық драма фестивалінде облыстық орыс драма театрының актері Б.Избасаров «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды.
Шу ауданының «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі Түркияда өткен «Анадолу» фестиваліне қатысты.
«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» арнайы жобасы аясында 60-қа жуық іс-шара өткізілді. Жалпы республикалық диктантқа облыстан 127 636 адам қатысты.
«100 жаңа оқулық» жобасы аясында облыстың жоғары оқу орындарына 6100 кітап келіп түсті. (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті – 1481, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті – 3419, Тараз инновациялық гуманитарлық университеті – 1200). Аталған кітаптар жоғары оқу орындарының электронды кітапханаларына енгізілуде. Кітаптардың сандық үлгілері кітапханалардың веб-порталдарында орналастырылған.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» арнайы жобасының тізіміне облыстың 8 азаматы еніп (Сембек Сейдәзімов – кәсіпкер; Зүлфия Ғабидуллина – спортшы; Ақжүрек Таңатаров – спортшы; Бауыржан Исламхан – спортшы; Ғалым Арыстанбаев – полиция сержанты; Ерлан Бақтыгерей – дирижер; Әбдібек Пошкаев – кәсіпкер; Марат Саршаев – нейрохирург), ол азаматтармен 50-ден астам кездесулер өткізілді, олардың өмір және еңбек жолдары жастарға үлгі ретінде таныстырылуда
Жобаның екінші кезеңіне 66 үміткер республикалық іріктеу кезеңіне жіберіліп, онлайн дауыс беру кезеңіне 5 кандидат (Ғани Құттымұратов – медицина, Кенен Ақүрпеков – мәдениет, Дмитрий Трубин – спорт, Қасым Аманқосов – мәдениет, Руслан Төлегенов –қоғам) қатысты. Нәтижесі ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан хабарланатын болады.
Республикалық «Жомарт жүрек» жобасы аясында:
«Жыл меценаты» номинациясы бойынша «Alga Diamond» ЖШС директоры Бекмұсаев Жанболат Қаратайұлы;
«Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша «Шәушен» шаруа қожалығының жетекшісі Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы;
«Туған өлке» номинациясы бойынша Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы;
«Ерен еріктілік» номинациясы бойынша «Айналайын» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Разақова Айгүл Әшімқызы марапатталды.
Сонымен қатар 5 желтоқсан күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов республикалық патриоттар форумында «Жыл патриоты» атағына ие болды.
Бағдарламаны ақпараттық қолдау мақсатында 5 республикалық, 5 облыстық және 11 Тараз қаласы мен аудандық БАҚ тартылып отыр. Бағдарлама аясында барлығы 3250 материал жарияланған (оның ішінде: республикалық – 50, облыстық – 431, жергілікті басылымдарда – 709, телеарналарда – 236, ақпарат агенттіктерде – 424, әлеуметтік желілерде – 935, қала және аудандық әкімдіктердің ресми сайттарында – 465).

Берік БЕГАЛИЕВ,
облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, «Рухани жаңғыру»
өңірлік жобалық офис жетекшісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support