- Advertisement -

Жаяу жүру – денсаулық кепілі

92

- Advertisement -

Облыстық «Aq jol» газетінің 2019 жылдың 12 қаңтар күнгі №3 санында жарияланған «Жүз жасағың келсе, жаяу жүр» атты мақалаға байланысты өзімнің ой-пікірімді білдіргім келеді. Мақалада көптеген аурулар қимыл-қозғалыстың аздығынан болатынын және әлемнің ғұлама ғалымдарының деректері келтіріліпті. Бұл рас. Өйткені қазіргі кезде әртүрлі аурулардың көбеюіне қимыл-қозғалыстың аздығы себеп болып отыр деп ойлаймын.
Мен өзім көбінесе жаяу жүргенді ұнатамын. «Самал» мөлтек ауданы арқылы «Үшбұлақ» көлінен өтіп, «Қазпоштаға» жаяу барып, кері қайтамын. Сол сияқты «Алатау» мөлтек ауданына, «Қайқармет» базарына жаяу барамын. Ал енді осыншама жерді жаяу аралағанда аяқ киім шыдай ма деген сұрақ туындаса, айтайын. Аяқ киім шыдамайды, табаны түсіп қалады. Кебісімнің өзі екі айға ғана жарайды.
Денсаулықты сақтау үшін әр адам өз-өзін күтіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, спортпен шұғылдануы керек. Кейде ауланың, көшенің қарын тазалап жүрсем, жаяу жүргіншілердің біреуі риза көңілмен қараса, енді біреуі жақтырмай қарайтындар да кездеседі. Сондықтан кәрі-жас демей өз ауламызды қоқыстан, қардан тазалап тұрсақ, оның өзі денсаулыққа пайдалы.
Ал енді «Aq jol» газетінің таралымы туралы ойымды қоса кетсем. Қайда жүрсем де «Aq jol» газетіне оқырмандарды тартып, жазылым жасауды насихаттаймын. Сол жұмысымның нәтижесі болар, Шарападин Досымов деген зейнеткер бүгінде газеттің тұрақты оқырманына айналды. Сонымен қатар Жамбыл, Байзақ аудандарының зейнеткерлеріне де жазылуға кеңес бердім.

Барат Мыңбосынов,
зейнеткер.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support