- Advertisement -

Өткен жылдың қорытындысында оң динамика сақталған

29

- Advertisement -

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің қатысуымен жиын өтті. Онда өткен жылғы қол жеткізілген жетістіктер, әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы және ағымдағы жылдың жоспары қаралды.

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында 4-5 пайыз өсім байқалған. Жыл соңында орындалмай қалу қаупі болған өнеркәсіптегі өнім көлемі, кұрылыс, инвестиция көрсеткіштері бойынша жоспар жылдың қорытындысымен ойдағыдай қалыптасқан. Атап айтар болсақ, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі жыл қорытындысымен – 102,6 пайыз, құрылыс – 05 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 108,4 пайызға орындалған. Қаржы игеруде де оң динамика сақталған.
Асқар Исабекұлы экономикалық көрсеткіштердегі оң динамика бір жылдық тынымсыз еңбектің нәтижесі екендігін жеткізді. Әсіресе өнеркәсіптегі өнім көлемінің өсімі орта және шағын кәсіпкерліктерді жандандыру, кәсіпорындардың өнімділік жүктемелерін арттыру арқылы мүмкін болғанын айрықша атап өтті.
Өңір басшысы өткен жылғы нәтижемен тоқтап қалуға болмайтынын, ағымдағы жылы атқарылатын шаруалар одан да ауқымды екенін баса айтты. Ертеңнен бастап барлық басқарма мен аудандардың жылдық жұмысының қорытындысы егжей-тегжейлі қаралып, бағасы шығарылмақ. Айта кету керек, алдағы қорытынды-бағалау жиындары жаңа форматта, яғни нақты кездесіп отырған өзекті мәселелер, оның шешу жолдарын қарастыру бойынша өтеді.
Сондай-ақ облыстағы 30 аумақтық департамент, инспекция және басқармалармен бірлесіп жұмыс жасау жолға қойылмақ. Ол үшін облыс әкімдігінің салалық басқармалары жұмыс жоспарындағы міндеттемелерге барлық департамент пен инспекцияларды қатыстыру көзделуде. Облыс әкімдігі мен басқармалардың, басқарма мен аудан әкімдерінің арасындағы меморандумдағы индикаторлардың бірқатары қайта нақтыланады.
Жиында облыс әкімімен бекітілген медиа-жоспардың орындалуы, басқармалар мен аудан әкімдерінің баспасөз мамандарының жұмыстарын жандандыру мәселелері де қаралды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support