- Advertisement -

Юлия Галышева топ жарды

21

- Advertisement -

Фристайлдан Канаданың Калгари қаласында өткен әлем кубогінің кезекті кезеңі қазақстандық жанкүйерлер үшін қуанышқа толы болды. Могулдың шебері, Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты.
Қазақстандық спортшы бұл додада 79,10 ұпай жинаса, екінші орынға жайғасқан франциялық ару Перрин Лаффон 77,96 ұпай иеленді. Үздік үштікті қорытындылаған америкалық Джейлин Кауф едәуір артта қалып қойды. «Мен бұл жеңісті ұзақ уақыт күттім. Олимпиада ойындарынан кейін дайындығымды одан әрі арттыра түстім. Енді қиын жаттығуды орындаған кезде ешкімнен қалыспайтын жағдайым бар. Алдағы уақытта да осы нәтижені қайталауға тырысатын боламын. Бұл жетістікке командамның арқасында қол жеткізіп отырмын. Сондықтан маған қолдау білдірген азаматтарға деген алғысым шексіз. Әр додаға тастүйін дайындықпен бару арқылы биік межелерді бағындырғым келеді», – дейді Юлия Галышева өз ойымен бөлісіп.
Юлия Галышеваның осынау жеңісі әріптестерін қанаттандырған секілді. Олар жеңімпаздың құрметіне Қазақстанның Гимнін хормен шырқады. Гимнді орындағандардың қатарында жарыс жеңімпазынан бөлек Аяулым Әміренова, Ақжол Жаманбеков, Павел Колмаков, Олег Цинн секілді фристайл шеберлері бар.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support