- Advertisement -

«Тараздан» шыққан талант

44

- Advertisement -

Бахтиер Зайнутдинов «Ростов» командасына ауысты

Жамбыл жерінен көптеген талантты футболшылардың қанат қаққанын көзі қарақты жанкүйер қауым өте жақсы біледі. Олар туралы толғансақ, тізім ұзап кететіні сөзсіз. «Тараз» футбол клубында футбол деген сиқырлы әлемнің қыр-сырын меңгерген жас таланттың бірі – Бахтиер Зайнутдинов.
«Тараз» футбол клубы қатарында жасындай жарқырап, 2017 жылы «Жылдың үздік жас ойыншысы» атанған Бахтиер Зайнутдинов 2018 жылы ел чемпионы «Астана» футбол клубының қатарын толықтырған болатын. Елордалықтар сапында да тамаша ойын үлгісін көрсете білген жас пері Еуропа лигасында алты ойынға қатысып, бір голдың авторы атанған-ды. Сонымен қатар жерлесіміз өткен жылы «Ұлттар лигасы» деп аталатын дода аясында ұлттық құраманың ойыншысы ретінде алты рет жасыл алаңға шығып, бір мәрте қанжығасын майлаған-ды. Жалпы алғанда, «Астана» футбол клубының құрамында 35 кездесуге қатысқан Зайнутдинов жеті гол соғып, екі голдық пас шығаруымен де жұрттың есінде қалды.
Белгілі мамандар тарапынан жоғары баға алған Зайнутдинов Ресей Федерациясына кетті. Жиырма жасар жартылай қорғаушы енді Ресей премьер лигасында бақ сынайтын «Ростов» командасының намысын қорғамақ. 12-қаңтар күні Бахтиердің аталмыш командаға ауысқаны туралы ресми мәлімет тарап кетті. Ресейлік команданы бұрынғы белгілі футболшы Валерий Карпин жаттықтыратынын еске сала кетейік.
Өз кезегінде Валерий Карпин Бахтиер Зайнудтиновпен бірге түскен суретін инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялап: «Сары-көк түстілердің отбасына қош келдің!» – деп жазды. Жерлесіміз жаңа әріптестерімен бірге алғашқы жаттығуын өткізіп те үлгерді. Бахтиерге дейін кезінде Еркебұлан Сейдахмет «Уфа» футбол клубының сапын толықтырған-ды.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support