- Advertisement -

ЖҮЗ ЖАСАҒЫҢ КЕЛСЕ, ЖАЯУ ЖҮР

71

- Advertisement -

Қазіргі заманның өмір сүру салты, яғни адамның қимыл-қозғалысының азаюы салдарынан жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, простатит, бүйрек және бауыр аурулары сияқты дерт көбейіп, қаншама есіл азаматтар ажал құшуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сүйенетін болсақ, бұл қорқынышты деректер жылдан-жылға ұлғая бермек.
Әлемнің ғұлама ғалымдары денсаулықты сақтаудың ең оңай жолы, ең қолжетімді де әрі тиімді әдісі ретінде таза ауада жаяу журуді ұсынады. Жапон ғалымдарының пікірінше, әр күн сайын, тәулігіне 10 мың қадам (ол шамамен 6-7 км) жаяу жүрген адамдардың дендері сау әрі жоғарыда аталған аурулардан ада болады. Ал Американың Онкологтер Қауымдастығы, қатерлі ісіктің алдын алудың тиімді жолы ретінде де жаяу жүруді ұсынады. Мұндай материалдар медициналық БАҚ-та, ғаламторда өте көп.
Бірақ біздің азаматтар жаяу жүрмейді, таяқ тастам жерге де көлікпен жүргенді дұрыс көреді, өйткені көпшілігі жаяу жүрудің зор денсаулықтың кепілі екендігін, аталған аурулардың алдын алатынын білмейді, ал білетіндері жаяу жүруге ерінеді, оған ықпал ету тағы жоқ. Сондықтан халық арасында көп үгіт-насихат жүргізілуі қажет. Осыған орай еліміздің жаяу жүру және скандинавияша жаяу жүру федерациясы жаяу жүруді халық арасында жаппай насихаттап, оны жалпыұлттық қозғалысқа айналдыруды жоспарлап отыр екен.
Жақында осы федерация мен «Аq jol» газеті ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат негізінде өзара тиімді көптеген жобаларды іске асыруға мүмкіндік бар. Мысалы, облыстық газеттерде жаяу жүрудің пайдасын халыққа жеткізетін материалдарға конкурс жариялау (сыйлық қорын федерация ұсынады), сондай-ақ федерация өздерінің бұқаралық іс-шаралары арқылы газеттердің таралымын арттыруға атсалысу тәрізді жобалар.
Ендеше, ұлт саулығы үшін бірлесе жасалатын қызметтің жемісті болатындығына сенім білдіріп, қолдайық, ағайын!

«Аq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support