- Advertisement -

360 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАРАЗДЫҚ НЕБӘРІ 1448 ДАНА «АQ JOL-ҒА ЖАЗЫЛЫПТЫ

51

- Advertisement -

БІРАҚ ОБЛЫСТЫҢ БАС БАСЫЛЫМЫ ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ САНЫ БЫЛТЫРҒЫДАН СОНДА ДА АСЫП ТҮСТІ

Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалының мәліметі бойынша 360 мыңға жуық тұрғыны бар облыс орталығының тұрғындары «Аq jоі» газетіне биылғы жарты жылдыққа небәрі 1448 дана ғана жазылыпты. Бұдан тараздықтар облыстың бас басылымын оқымайды деген ой тумаса керек. Өйткені газеттің кезекті саны жарыққа шыққан күні ертемен газет сұрап келетін қала тұрғындары көбейе түспесе, азайған жоқ. Сондай- ақ көптеген мекемелерден өздерінде өтетін іс-шараларға газет тілшісін жіберуді өтініп, оны басылым бетінде жариялауды сұранған хаттар легі жыл бойы толастамайды. Сонда ол мақтан үшін немесе есеп үшін ғана қажет болғаны ма?

Облыс орталығында іргелі кәсіпорындар мен түрлі кәсіпкерлік құрылымдарды былай қойғанда, құқық қорғау, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және тағы басқа мекемелерде еңбек етіп жүрген жүздеген жергілікті ұлттың өкілінен тұратын ұжымдар газетке жазылуға неге сонша бейқамдық танытты? Тіпті қазір Қазақстанды туған Отаным, Тараз қаласын туған қалам деп санайтын өзге ұлттың өкілдерінің көбі мемлекеттік тілде сөйлейді, оқиды, жазады.

Компартия үстемдік құрып тұрған жылдары қазіргі Тараз қаласында жергілікті ұлттың тілінде оқытатын бірде-бір қазақ мектебі жоқ екенін айтып, мәселе көтеріп жазған осы «А^ (оі» емес пе еді?! Соның нәтижесінде қазір 50-ден астам қазақ мектептері мен балабақшалары жұмыс істейді. Сонымен бірге қалада жоғары оқу орындары мен колледждер де көп шоғырланған. Әшейінде «мына мақаламды шығаруға көмектесіңізші» деп қиылып телефонға маза бермейтін мұғалімдер мен жоғары оқу орындарының профессор- оқытушыларының жазылымға келгенде белсенділігі жоқтығына қайранбыз. Қаладағы денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, басқа да салалардағы жылт еткен жағымды жаңалықты облыс жұртшылығына сүйіншілеп жататын «Аq jоі» емес пе?

Бұрынғыны былай қойғанда, өткен жылы Тараз қаласында атқарылып жатқан ұлан-ғайыр тірлікті, әрбір мекемеде өткізіліп жататын іс-шараларды, сондай-ақ орталығындағы және қаланың шет аймақтарындағы шешімін күткен өзекті мәселелерді «Аq jоі» аз жазған жоқ. Бұл тікелей міндетіміз болғанымен, қалалықтардың өтініш-шағымдарымен де облыс орталығындағы түйткілді мәселелер туралы мақалалар жарияладық. Өз кезегінде қай мекемеде болсын еңбек етіп жүрген тараздықтардың газетке көрсеткен қолдауы — жыл сайын басылымға жазылу екені белгілі. Мемлекеттің нақты қамқорлығының арқасында бизнесін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасыларға, ардагерлерге «А^ Іоі» газетін бір жылға тұтастай жаздырып берсе, қанекей!

Бұл өкпе емес, бұл — наз.

Жарайды, газет таралымын тараздықтар кері тартқанымен, ауылдағы оқырмандарымыз мерейімізді үстем етті. Осы жылдың жарты жылдығына жазылу кезінде тұрғындар санына қарай Жуалы, Шу, Байзақ аудандарындағы оқырмандарымыз көп екенін көрсетті. Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандары да «Аq jоі» таралымының артуына үлкен үлес қосқанын атап өткен орынды болар. Басқа бес аудандағы оқырмандарымызға да рахмет! Тараздық 1448 оқырманымызға да айтарымыз алғыс. Былтырғы таралымнан асып түсуге олар да үлес қосты. Аудандарды аралап, оқырмандарымызбен кездесу осылайша өз нәтижесін берді.

Ендігі бір айтпағымыз, түрлі себептермен «Аq jol»-ға жазыла алмай қалған оқырмандарымыз болса, оларға әлі де мүмкіндік бар. Ауылда да, қалада да пошта бөлімшелеріне барып жазылған оқырманымыз алдағы ақпан айынан бастап облыстың бас басылымын өзінің қалауы бойынша үйіне немесе жұмыс орнына алдырып оқитын болады.

Амангелді ӘБІЛ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support