- Advertisement -

Ақтөбелік дәрігерлер Гиннестің рекордтар кітабына енді 

31

- Advertisement -

Ақтөбелік дәрігерлердің бір уақытта 4270 тұрғынның қан қысымын өлшеу шарасы ресми түрде Гиннесстің рекордтар кітабына енді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер бір сағат ішінде өңір тұрғындарының артериялық қан қысымын тексерген.

«Біз ресми түрде Гиннес рекордын орнатқанымыз туралы растайтын құжат алдық. Мұндай көлемдегі шара бірінші рет өткізілді, ол денсаулық сабағында өтіп, 4 мыңнан аса адамды жинады. Осылайша біз артериялық гипертония мәселесіне назар аударуын қаладық. Сол күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы рекорд орнатқаны туралы өтініш берді», — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Осыған дейін артериялық қан қысымын өлшеу шарасы 2015 жылы Үндістанда өткізіліп, 3600 адамды жинаған.

Айта кетейік, 2018 жылы 5 шілдеде Ақтөбе дәрігерлері бір сағатта 4270 адамның артериялық қан қысымын тексерген болатын.

24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support