Жаңа жыл бірлік пен татулықтың жылы болсын!

Құрметті облыс тұрғындары!
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Биылғы жыл еліміз үшін, өңіріміз үшін өте жемісті жыл болды.
Мемлекет басшысы-Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған бастамалары кезең-кезеңімен жүзеге асып келе жатқаны анық. Соның айқын бір көрінісі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге көтеруді тапсыруы.
Облыс көлемінде де биылғы жылы атқарылған шаруа аз болған жоқ. Түрлі әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Қорыта айтқанда, биылғы жыл берекелі болды деуге толық негіз бар.
Бұл мереке – бір жыл бойы атқарған еңбектің есебін беретін, келесі жылға жарқын жоспар жасайтын айтулы дата.
Жыл сайын еліміздің беделі артып, әлем елдерін бейбітшілікке шақыруда үнемі бастамашылдық танытып келеді. Алдағы уақытта да бұл бағыттан айнымай, көздеген межеге жетуге жүйелі жұмыс жалғасатыны анық.
Бұл мемлекетіміздің мәртебесін биіктетері сөзсіз. Мұның барлығы Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.
Құрметті жамбылдықтар!
Жаңа 2019 жыл өңіріміз үшін жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, жарқын болашақ үшін жасаған қадамымыз нық болғай!
Әрбір шаңыраққа қуаныш пен шаттық орнасын. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт тілейміз.
Жаңа жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын!

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл
облыстық филиалының Саяси кеңесі.

Comments are closed.

микро займ на карту