- Advertisement -

Әр кезде де халықпен біргеміз

92

- Advertisement -

 Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВ,

Тараз қалалық мәслихатының хатшысы.

Қазіргі депутаттық құрамның қол жеткізген жетістіктері аз емес. Бірқатар әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды бастап, белсенділік те танытуда. Әсіресе Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұсынылған «Туған жер» бағдарламасын іске асыруда депутаттарымыздың белсенділігі жоғары болғанын ерекше атап өткім келеді. Атап айтқанда, осыған байланысты Жұмабек Бөлекбаев қалада жалпы сомасы 10 миллион теңгені құрайтын балаларға арналған футбол алаңшасын салып берді. Бұл азамат түрлі қайырымдылық акцияларына да үзбей атсалысып, елдің алғысына бөленуде. Оның бастамасын Шамбылхан Үсенбаев та іле қостап, алаңшамен бірге өзі депутаттыққа сайланған аумақтағы мектепке бейнебақылау құрылғысын орнатып берді. Айдар Джузанов пен Руслан Кан да қаламыздағы бейнебақылау құрылғыларының қатары артуына септесті. Талғат Мананов пен Нариман Мәуленов 1 миллион теңгеден қаражат жұмсап, балалардың ойын алаңшасын күрделі жөндеуден өткізіп берді. Енді жаңасын салуды да ойластыруда. Олардың бірқатары мекемелер ауласына жеміс ағаштары көшеттерін отырғызып, шаһарымыздың шырайын ашу, абаттандыру ісіне де жанашырлықпен атсалысқандығын атап өткен жөн. Аз қамтылған отбасыларына, балалар үйлеріне, балабақшалар мен мектептерге түрлі қажетті заттар алып бергендері де бар. Бізде тараздықтар сеніміне ие болған, түйінді әлеуметтік түйткілдердің тарқатылуына жанашырлықпен атсалысатын осындай халық қалаулыларының жаңа буынының қалыптасқаны қуантады.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support