- Advertisement -

Cәуленің тәт ті вафлиі

67

- Advertisement -

тіпті Аспан асты еліне де экспортталуда

Бүгінгі таңда облыстағы кез келген дүкеннің сөрелерінен, әрбір үйдің дастарханынан «Сәуленің» вафлилерін кездестіретініңіз анық. Ағымдағы жылдың басында тұтынушыларына жол тартқан фабрика өнімдері аз уақыттың ішінде тіл үйірер дәмімен көпшіліктің көңілінен шығып та үлгерді. Сапалылығы тұрғысынан шетелдің брендтеріне дес бермейтін тәтті өнімдерге облыстан тысқары өңірлерден де сұраныс жоғары. Ал ағымдағы жылдың қараша айында аспан асты елінің нарығына шығарыла бастады.
Аталған кондитерлік фабрика жуырда облыстық кәсіпкерлер палатасы тарапынан тауардың шығу тегі сертификатына ие болды. СТ-КZ сертификаты тауардың еліміз аумағында өндірілетінін растайды әрі жеткізушілердің жеңілдігі бар шарттармен өткерілетін барлық сатып алуларға қатысуына да мүмкіндік береді.
Өндіріс орнын ашу ісі 2015 жылы Тараз қаласындағы автотұрақ аумағынан тыс қалған жерді сатып алумен басталған екен. Фабрика басшысы Сәуле Жаңабекова мұндағы ғимараттың бірін қайта құрылымдаудан өткізіп, австралиялық «НААS» компаниясынан салмасы бар вафли әзірлеу жабдықтарын сатып әкеліп, орнату жұмыстарын да бастайды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 1,2 миллиард теңге көлемінде несиеге қол жеткізген кәсіпкердің бүгінде әлеуеті де, мүмкіндігі де мол. Желінің өндірістік қуаты айына 250 тонна дайын өнім шығаруға есептелінген. 2017 жылдың соңына қарай мұнда құрастыру және өндірісті іске қосу жұмыстары жүзеге асырылды. Ал биыл фабриканың алғашқы өнімдері сауда орындарының сөрелеріне де түсе бастады.
Жобаның бірінші кезеңі іске қосылған мезеттен бастап мұнда 34 түрлі кондитерлік өнімдер шығарылуы тұтынушылары қатары артуына да септесуде. Компания әзірге 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын толық жобалық қуатында жұмыс істеген жағдайда тұрақты жұмыс орнының саны 200-ге дейін жеткізілетін болады.
Тараздық кәсіпкер Сәуле Сатыбалдықызы алдағы уақытта фабриканың жаңа бас ғимаратын салу, шоколад пен карамельден түрлі кондитерлік өнімдер шығаратын жаңа желілерді іске қосу арқылы кәсіпкерлік желісін одан әрі кеңейтуді көздеуде. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың жеті айында мұнда жалпы құны 16,2 миллион теңгені құрайтын 3 мың тоннаның өнімі өндірілген. Қазіргі уақытта фабриканың екінші кезеңінің құрылыс жұмыстары жоспарда тұр. Осы айда цехты қайта құрылымдау толығымен аяқталмақ. Заманауи технологияларды енгізу кәсіпорынның қуаттылығын 4500 тоннадан 12 000 тоннаға дейін арттыруға және өнімін экспортқа көптеп шығаруына да мол мүмкіндік беретін болады.
Ең бастысы, серіктестік алдағы уақытта өз өнімдерін тек Азия елдеріне ғана емес, Еуропа нарығына да шығаруды ойластыруда.

Ақбота БАТЫРБЕКОВА,
журналист.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support