- Advertisement -

Әріптесіміз «Парасат» орденімен марапат талды

76

- Advertisement -

Белгілі қаламгер, публицист, әдебиеттанушы, қоғам және мәдениет қайраткері Кеңесбек Демеш Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Президент Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет саласында жемісті қызмет атқарып келе жатқан К.Демеш әлеуметтік-мәдени және рухани даму саласындағы, ана тілімізді іс қағаздары және заңнама тілі ретінде орнықтыру бағытындағы белсенді істерімен көпшілікке танымал.
Кеңесбек Демеш Алматы қалалық әкімдігі баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі, Тіл басқармасының бастығы, Алматы қалалық ұлт саясаты комитетінің төрағасы, Парламент Сенатының баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің басшысы, облыс әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Бүркіт-медиа» ЖШС директоры – «Дала мен қала» және «Страна и мир» республикалық газеттері редакциялық кеңесінің төрағасы, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген. Бүгінде Парламент Сенатының аппаратында жауапты қызмет атқарады.
Ол бұған дейін «Құрмет» орденімен, бірқатар медальдармен, «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері», «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген білім қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған. К.Демеш – Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Заңнамада жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері», «Заңнама тілі», «Шейх Ахмет Тарази. Көркем сөз өнері» (аударма), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясы» кітаптарының және тағы басқа еңбектердің авторы.
Әріптес жерлесімізді жоғары наградасымен шын жүректен құттықтап, мемлекеттік және шығармашылық қызметінде жаңа табыстар тілейміз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support