Жиғаныңнан иманың жоғары болсын

Қоғам өзгеріп, түрленуде. Өзім тұрып жатқаннан кейін шығар, Меркі ауданындағы жағдайлар маған таныс. Өмірлік тәжірибемнен байқағаным, адамдар байи түскен сайын миллиондарының өзі аз көрініп, қосқан үстіне қоса берсем екен дейтін пиғылын байқаймыз. Сол жинаған қаржысы өзіне бұйыра ма немесе соның қызығын бала-шағасы көре ме, ол жағын ойланып жатпайды. Тіпті туған бауырлары қарызға ақша сұраса, жоқ деп қайтарып жіберетіндер де бар.
Қазақта «Шөлмек мың күнде емес, бір күнде сынады» деген сөз бар. Аудан орталығында тұратын бір жігітті мысал ретінде айтқым келіп отыр. Балалары мен бауырлары бәрі бірігіп мал шаруашылығымен айналысатын. Зауытқа сүт өткізіп, мал бордақылайтын. Осылай өз кәсібін дөңгелетіп жүргенде ауырып, ауруханаға түсіп, өмірден өтіп кетті. Жасы орта жастан енді асқан кезі болатын. Жиған мал-мүлкінің де игілігін көре алмады.
Қазіргі заманда біреу мал жинап, екіншісі дүкен мен тойхана ашып немесе сауда-саттықпен айналысып, байып жатыр. Қанша байлығың болса, адамда сонша уайым мен қайғы болады екен. Сондықтан әрбір істеген ісіміздің берекесін беріп, ауырмай-сырқамай ұзақ жасағанға не жетсін?!

Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,
зейнеткер.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

микро займ на карту