- Advertisement -

Жылы жүздесу

40

- Advertisement -

Талас аудандық орталық ауруханасының басшысы Есмахан Имаммырзаев осы қызметті бірнеше жылдан бері атқарып келе жатқан абзал жан. Денсаулық сақтау мекемесінің жұмысын жүйелеген білікті басшы ауруханаға шипа іздеп түскен емделушілердің палаталарын да аралап жағдайын сұрауды әдетке айналдырған. Оған өзім де дертіме ем қабылдап сонда жатқанымда куә болған жайым бар. Қасына бөлім басшыларын ілестіріп палатамызға келіп: «Жағдайларыңыз қалай? Дәрігерлеріңіз дұрыс қарап жатыр ма? Көңілдеріңіз толмаса айтыңыздар. Біз сіздерге әрқашан қызмет етуге дайынбыз!» деп ілтипатпен амандасып, зейнеткерлердің халін көзбен көріп тілдесіп кетті. Қарт кісілердің біразы: «Бұл кісі кім?» деп сұрап жатты, мен осы мекеменің басшысы екендігін айттым. Себебі оның алдында ем қабылдау барысында бас дәрігерді бұл қырынан таныған едім. Олар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Осындай жылы жүздесу барлығымыздың жүрегімізге нұр құйғандай әсер етті. Мұндай елдің алғысын арқалаған азаматтарымыз көп болса екен.

Сейсенбек Ізетбаев.
зейнеткер.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support