- Advertisement -

Азаттық

64

- Advertisement -

Қарт тарих, жорға сынды желген уақыт,
Уыңды талай тұлғам көрген татып.
Азаттық! Сен біз үшін бағалысың,
Қайраттың қаныменен келген бақыт.

Батырды ұл-қыз демей туады елі,
Қазақтан аулақтасын мұң әуені.
Азаттық! Аналардың көз жасы мен
Ләззаттың ерлігінің куәгері!

Азаттық! Таусылмайтын жыр-әнімсің,
Сен менің мойнымдағы тұмарымсың.
Елімнің маңдайына бақ боп қонған,
Сен менің лаулап жанған шырағымсың!

Амангелді Ержігіт.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support