- Advertisement -

2019 жылдың басынан бастап Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары күшіне енеді

60

- Advertisement -

Қазақстан Ұлттық Банкі «Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы №271 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) қабылданғанын хабарлайды.

Қаулыда уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі, оның ішінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдалану кезінде Қазақстан Ұлттық Банкінің қадағалау бөлімшесі қарастыратын мынадай мәселелер мен жағдайлар (фактілер, мән-жайлар) аясы айқындалды:
1) қаржы ұйымдарының менеджменті мен акционерлерін келісу кезінде;
2) банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды айқындау және банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелердің жеңілдік талаптарын белгілеу кезінде;
3) банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің сапасын бағалау кезінде;
4) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы провизияларының (резервтерінің) пара-пар екенін бағалау кезінде.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қарашада №17752 болып тіркелген қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
Қаулының толық мәтінімен Ұлттық Банктің https://nationalbank.kz/?рdocid=766&switch=kazakh ресми интернет-ресурсында «Нормативтік-құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады: 8 (72 7) 2704 585
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

ҚР Ұлттық Банкінің
Жамбыл филиалы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support