- Advertisement -

Рауан Сариев «Таразға» ауыспайтын болды

39

- Advertisement -

Бразилияның «Оле бразил» академиясында жаттығып, тәлім алған Рауан Сариев «Тараз» футбол клубымен келісімге келе алмаған секілді. 24 жастағы футболшы бірнеше күн бойы «Тараз» футбол клубының қатарында болып, тексерістерден өткен көрінеді. Бапкерлер футболшының қарым-қабілетін сынаған.Талдықорған футбол мектебінің түлегі әрі «Оле бразил» академиясының шәкірті Рауан Сариев «Тараз» футбол клубындағы барлық тексерістерден кейін клубтан кетіп отыр деген ақпарат тарап кетті.
Рауан 2013-2015 жылдар аралығында Қазақстан премьер-лигасының «Қайрат», «Жетісу», «Ордабасы» секілді бірқатар командаларында жасыл алаңға шыққан болатын. Осылайша бірнеше мәрте клуб ауыстырған жас пері жекелеген ойындарда тәп-тәуір ойын өрнегімен көзге түскен-ді. Алайда соңғы жылдары Рауанды футбол жанкүйерлері жоғалтып алды. Жалпы ол премьер-лига ойындарында 43 мәрте жасыл алаңға шығып, үш голдың авторы атанған.
Бразилия футболымен жіті таныс Рауан Сариев соңғы үш маусымда ешқандай команданың жейдесін киіп, алаңға шықпаған екен. Соған қарағанда Рауан соңғы жылдарда спорттық бабын жоғалтып алған сыңайлы. Футболшының «Таразға» ауыспауына да осы фактор себеп болса керек.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support